---
title: "сен қасымда бар болғаның бағалы"
description: "бар ма жанның сағынбауға амалы, сезім-толқын шарқ ұрады жағаны. алыстаған шақта ғана түс..."
author: "poetry"
published: "2011-01-21T15:17:48+00:00"
modified: "2011-01-21T15:18:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-asymda-bar-bol-any-ba-aly-111110"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-asymda-bar-bol-any-ba-aly-111110/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# сен қасымда бар болғаның бағалы

> бар ма жанның сағынбауға амалы, сезім-толқын шарқ ұрады жағаны. алыстаған шақта ғана түс...

бар ма жанның сағынбауға амалы, сезім-толқын шарқ ұрады жағаны. алыстаған шақта ғана түсіндім, ** сен қасымда бар болғаның бағалы.**

сағынасың, көздің жасы тамады - сағынышты бір басудың амалы. шыда, жаным, сәлден кейін күлімдеп, құшағыма қысып-қысып аламын.

сезіміңнің әсем әуен бал әні, мәңгілікке бар санамда қалады. маған десе мың өзгерсін барша әлем, **сен қасымда бар болғаның бағалы**.

Daure6 (c)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-asymda-bar-bol-any-ba-aly-111110](https://yvision.kz/kk/post/sen-asymda-bar-bol-any-ba-aly-111110)