---
title: "«SEMIRAMIDA өндіруші тігін компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T22:18:44+00:00"
modified: "2015-12-13T22:18:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semiramida-ndirushi-tigin-kompaniya-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667880"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semiramida-ndirushi-tigin-kompaniya-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667880/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «SEMIRAMIDA өндіруші тігін компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) «SEMIRAMIDA» отандық өндіруші тігін компания қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында Ұлт жоспары 100 нақты қадамды, сонымен қатар 2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің бөлім консультанты Елнар Игіліков мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту, ресімдер төменгі лауазымдардан басталатынын, сонымен қатар отандық өндірушілерді дамыту керектігін өнімдер халыққа қол жетімді болуын атап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру бойынша Агенттік әзірлеген ашық келісімге қосылулары туралы шақырды.

«SEMIRAMIDA» тігін компания директоры Наталья Ахшабаева Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдау – бұл құжаттың маңыздылығына тоқтала келе кәсіпкерліктің дамуына үлес қосатындықтарын және дағдарыстың өтетінін атап өтті.

«SEMIRAMIDA» қызметкерлері Ұлт жоспары 100 нақты қадамды қолдайтындықтарын және белсенді түрде отандық өнімді шығаратынын жеткізді.

Семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар мен ескертпелер таратылды.

![«SEMIRAMIDA өндіруші тігін компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/xQE7A56o8FBvu9h1ewjJURwva4sxGp.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semiramida-ndirushi-tigin-kompaniya-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667880](https://yvision.kz/kk/post/semiramida-ndirushi-tigin-kompaniya-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667880)