---
title: "Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды"
description: "Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді. Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін об?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-05-07T13:57:37+00:00"
modified: "2025-05-07T13:57:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeylikter-astanada-otetin-askeri-sherudi-tamashalauga-zhinaldy-1013895"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeylikter-astanada-otetin-askeri-sherudi-tamashalauga-zhinaldy-1013895/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды

> Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді. Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін об?...

**Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/a5cfa55425efa51f3b33e5ceab1705a4.jpg?width=1600&height=1070)

Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар алаңқайға қойылған LED-экранның қасына жиналды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/19272b873aefa271940b8d952417ab05.jpg?width=1600&height=1070)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/e13e8a2801631e64eb8dbe62812ca9bb.jpg?width=1600&height=1070)

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/b917c513972608ac9bbc42319ae33de4.jpg?width=1600&height=1070)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeylikter-astanada-otetin-askeri-sherudi-tamashalauga-zhinaldy-1013895](https://yvision.kz/kk/post/semeylikter-astanada-otetin-askeri-sherudi-tamashalauga-zhinaldy-1013895)