---
title: "Семейге ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары келді."
description: "Ол сапар аясында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар және ..."
author: "Semeynews"
published: "2021-04-19T11:59:47+00:00"
modified: "2021-04-19T11:59:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyge-sh-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-departamenti-basshysyny-birinshi-orynbasary-keldi-931565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyge-sh-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-departamenti-basshysyny-birinshi-orynbasary-keldi-931565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейге ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары келді.

> Ол сапар аясында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар және ...

Ол сапар аясында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын жете түсіндірді. Сондай-ақ, кездесу барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары зерделенді. Ж. Байділдиннің айтуынша, тек қалалық әкімдік қана емес, облыстық әкімдік те талдау жасаған. – Облыс бойынша ақпарат жинақталды. Белгілі болғандай, бұл ұсынылған ақпараттар тармақтар бойынша сапалы орындалмаған. Жауапты бөлімшелер тарапынан жоспардың тармақтары бойынша орындауға формалды қараған, ал бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда басшылардың салғырттығын және мемлекеттік органда бірыңғай үйлестірушінің жоқтығын көрсетеді. Тиісінше, алдын алу шараларының әлсіз пысықталуы байқалады. Басқармалар мен бөлімдер арасында жауапкершілік артылады. Мұның барлығы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сапасыз орындауға әкеледі. Бұл мәселе Президент Әкімшілігінің және Мемлекет басшысының жеке бақылауында, - дейді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті уәкілетті құзырлы орган бола отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамайтын бөлімдер туралы ақпарат жинақтауды қолға алмақ. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізілгенін атап өтті. – Бұл бап осы жұмысқа ресми түрде қатысы бар адамдар үшін маңызды болмақ. Сондықтан баршаңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын, – деп түйіндеді Ж. Байділдин. ----- Семей қаласының ақпараттық орталығы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeyge-sh-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-departamenti-basshysyny-birinshi-orynbasary-keldi-931565](https://yvision.kz/kk/post/semeyge-sh-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-departamenti-basshysyny-birinshi-orynbasary-keldi-931565)