---
title: "Семейдің 62 жастағы тұрғыны саунада сексуалдық қызмет..."
description: "Семейдегі саунада 62 жастағы сутенер әже әкімші болған. Ол келген клиенттерге жезөкшелердің қызметін ұсынып отырыпты. Фото: Абай облысы ПД Пысық зейнеткер әр тапсырыстан орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған. Ұйымдасқан..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-19T06:33:11+00:00"
modified: "2024-04-19T06:33:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeydi-62-zhasta-y-t-r-yny-saunada-seksualdy-yzmet-yymdastyr-an-1003686"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeydi-62-zhasta-y-t-r-yny-saunada-seksualdy-yzmet-yymdastyr-an-1003686/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейдің 62 жастағы тұрғыны саунада сексуалдық қызмет...

> Семейдегі саунада 62 жастағы сутенер әже әкімші болған. Ол келген клиенттерге жезөкшелердің қызметін ұсынып отырыпты. Фото: Абай облысы ПД Пысық зейнеткер әр тапсырыстан орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған. Ұйымдасқан...

*Семейдегі саунада 62 жастағы сутенер әже әкімші болған. Ол келген клиенттерге жезөкшелердің қызметін ұсынып отырыпты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/206d3d70cc80813dcf0f614d929534.jpg)

Фото: Абай облысы ПД

Пысық зейнеткер әр тапсырыстан орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында оның әрекетінің жолын кесті.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркілеген.

«Жеңгетай» мен 9 «түнгі көбелек» (үш Қазақстан және алты Өзбекстан азаматшалары) жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді. Барлығы жедел есепке алынды.

Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған орын ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша зейнеткердің 2 жарым жылға бостандығы шектелді.

Қазір ол Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробациялық есебінде тұр. Егер сутенер әже пробация шартын бұзса, шартты жаза шын жазаға айналады. Яғни зейнеткер әлгіндей жағдайда түрмеге қамалуы тиіс.

[Polisia.kz](https://polisia.kz/ru/babushku-sutenershu-osudili-v-semee/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeydi-62-zhasta-y-t-r-yny-saunada-seksualdy-yzmet-yymdastyr-an-1003686](https://yvision.kz/kk/post/semeydi-62-zhasta-y-t-r-yny-saunada-seksualdy-yzmet-yymdastyr-an-1003686)