---
title: "Семейде «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау салтанаты өтті"
description: "Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ерлікке – тағзым, жастарға үлгі» атты 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ригалық қызыл тулы,..."
author: "journalist_n"
published: "2025-04-25T12:18:04+00:00"
modified: "2025-04-25T12:18:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-zhenis-estafetasy-simvolyn-kabyldau-saltanaty-otti-1013636"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-zhenis-estafetasy-simvolyn-kabyldau-saltanaty-otti-1013636/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейде «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау салтанаты өтті

> Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ерлікке – тағзым, жастарға үлгі» атты 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ригалық қызыл тулы,...

**Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ерлікке – тағзым, жастарға үлгі» атты 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ригалық қызыл тулы, 8-Ямполдық гвардиялық атқыштар дивизиялар құрметіне арналған Семей қаласының «Жеңіс алаңынан «Мәңгілік оттан» алынған алауды Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасына тапсыру акциясы және Тәуелсіз мемлекттер достастығы «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау салтанаты өтті.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/063f8f3426176dc5c195a1c95b7aabcf.jpg?width=1280&height=852)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/4c7c05e222bb4e78b29b6a8747430869.jpg?width=1280&height=852)

Шарада қала әкімінің орынбасары Қ.Абылдаев сөз алып, бүгінгі эстафета “Ерлік ұмытылмайды, ер есімі мәңгі жасайды!” деген ұранның айғағы екенін айтты.

«Бүгінгі ұрпаққа бейбіт заман сыйлаған ата-бабаларымыз мәңгі ел есінде қалады. Елімізде осындай игі істер көп бола берсін! Еліміз аман, бейбіт заман болсын!»-, деп жерлестеріне ізгі тілегін жеткізді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/1a5a19cbd6d9ca1bd69094ddcafac383.jpg?width=852&height=1280)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8583810746ab8b85b5c649895a60c0d9.jpg?width=1280&height=852)

Семей қаласының Жеңіс алаңындағы Мәңгілік оттан алынған алау Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасына жеткізіліп, кейін өз сапарын Аягөз қаласында жалғастырып, Жетісу облысының делегациясына тапсырады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/ef0239a839336f644b3cafe49cac8374.jpg?width=852&height=1280)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeyde-zhenis-estafetasy-simvolyn-kabyldau-saltanaty-otti-1013636](https://yvision.kz/kk/post/semeyde-zhenis-estafetasy-simvolyn-kabyldau-saltanaty-otti-1013636)