---
title: "Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді."
description: "Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді. «BNews.kz», 16.05.2014ж. Көл..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-05-15T22:38:27+00:00"
modified: "2014-05-15T22:38:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-tiisti-zhattary-zho-d-ri-d-rmekterdi-iri-partiyasy-t-rkilendi-413791"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-tiisti-zhattary-zho-d-ri-d-rmekterdi-iri-partiyasy-t-rkilendi-413791/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді.

> Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді. «BNews.kz», 16.05.2014ж. Көл...

Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді. «BNews.kz», 16.05.2014ж. Көліктегі полиция Семей стансасында тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Семей стансасында «Новосібір-Алматы» бағытындағы жолаушы пойызы Ауыл бекетіне тоқтап тұрған сәтінде шұғыл-іздестіру шарасын жүргізу барысында осы пойыз вагонының жолсерігінің купесінен тиісті құжаттары жоқ 68 түрлі дәрі-дәрмек салынған 8 сөмкені тәркіледі», - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, тәркіленген дәрі-дәрмектердің жалпы сомасы 1 млн теңгеден асады.

«Аталған оқиғаға қатысты жүк иелері анықталды. Олар Өзбекстанның үш азаматы болып шықты. Тәркіленген дәрі-дәрмектерді олар Ресейден сатып алып, пайда табу мақсатында Алматыға жеткізбек болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeyde-tiisti-zhattary-zho-d-ri-d-rmekterdi-iri-partiyasy-t-rkilendi-413791](https://yvision.kz/kk/post/semeyde-tiisti-zhattary-zho-d-ri-d-rmekterdi-iri-partiyasy-t-rkilendi-413791)