---
title: "Семейде қала бизнесінің өкілдерімен абаттандыру мәселесі талқыланды"
description: "2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілд?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-04-30T05:53:07+00:00"
modified: "2025-04-30T05:53:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-kala-biznesinin-okilderimen-abattandyru-maselesi-talkylandy-1013731"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-kala-biznesinin-okilderimen-abattandyru-maselesi-talkylandy-1013731/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейде қала бизнесінің өкілдерімен абаттандыру мәселесі талқыланды

> 2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілд?...

**2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/dce57d427613ad28f08fefcbd6a851c1.jpg?width=3024&height=4032)

Кеңес барысында бизнес нысандарының іргелес аумағын абаттандыру, тазалық сақтау және сыртқы келбетін жақсарту мәселелері көтерілді. Қала басшылығы тарапынан нысандарды тиісті жағдайда ұстауға қатысты нақты ұсыныстар мен бағыттар берілді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/e40d7dcb01a0f81d601e84ec0d753a06.jpg?width=3024&height=4032)

Азамат Серікболұлы “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бизнесті белсенділік танытуға шақырып, “Сыртқы келбет – бизнестің имиджы, қаланың көркеюіне үлкен септігін тигізеді. Өз ауламыздан бастайық!” – деп атап өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/6dac071bdecfda8cb3350e9847b717f1.jpg?width=3024&height=4032)

Кездесу соңында кәсіпкерлер бұл бастаманы бірауыздан қолдап, бір ай ішінде өз нысандарының аумағын тәртіпке келтіретіндерін жеткізді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/d5050e9024ce72165a5dcee3a9bc0e45.jpg?width=4032&height=3024)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeyde-kala-biznesinin-okilderimen-abattandyru-maselesi-talkylandy-1013731](https://yvision.kz/kk/post/semeyde-kala-biznesinin-okilderimen-abattandyru-maselesi-talkylandy-1013731)