---
title: "Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр"
description: "Семейде көркем гимнастикадан ШҚО ашық чемпионаты өтіп жатыр. Дәл осы сайыста облыстан шығатын құра..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-08T22:20:39+00:00"
modified: "2014-10-08T22:20:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-k-rkem-gimnastika-boyynsha-sh-o-chempionaty-tip-zhatyr-433177"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semeyde-k-rkem-gimnastika-boyynsha-sh-o-chempionaty-tip-zhatyr-433177/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр

> Семейде көркем гимнастикадан ШҚО ашық чемпионаты өтіп жатыр. Дәл осы сайыста облыстан шығатын құра...

[!\[Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141008170847-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141008170847.jpg)

Семейде көркем гимнастикадан ШҚО ашық чемпионаты өтіп жатыр. Дәл осы сайыста облыстан шығатын құрама команда қатарындағы негізгі спортшылар іріктеліп алынады.

Іріктеу сынына 5-16 жас аралығындағы Өскемен және Семей қалалық спорт мектептерінің 200-ге жуық тәлімгері қатысуда. Олар жеке және топтық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Облыс біріншілігінде үздік атанғандар Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

 

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Шығыс Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/257)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semeyde-k-rkem-gimnastika-boyynsha-sh-o-chempionaty-tip-zhatyr-433177](https://yvision.kz/kk/post/semeyde-k-rkem-gimnastika-boyynsha-sh-o-chempionaty-tip-zhatyr-433177)