---
title: "Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті"
description: "2025 жылғы 5-8 қараша аралығында Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті.Аталған жарысқа Семей және Аягөз қалаларынан, сондай..."
author: "journalist_n"
published: "2025-11-13T11:48:43+00:00"
modified: "2025-11-13T11:48:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/semey-kalasynda-bokstan-kalanyn-ashyk-birinshiligi-otti-1018437"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/semey-kalasynda-bokstan-kalanyn-ashyk-birinshiligi-otti-1018437/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті

> 2025 жылғы 5-8 қараша аралығында Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті.Аталған жарысқа Семей және Аягөз қалаларынан, сондай...

**2025 жылғы 5-8 қараша аралығында Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті.**Аталған жарысқа Семей және Аягөз қалаларынан, сондай-ақ Абай, Ақсуат, Бородуллиха және Үржар аудандарынан келген 2008–2009 және 2010–2011 жылдары туған қыздар қатысты.Біріншілік 25 салмақ дәрежесі бойынша Бүкіләлемдік бокс федерациясының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Додаға 60-тан астам жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/semey-kalasynda-bokstan-kalanyn-ashyk-birinshiligi-otti-1018437](https://yvision.kz/kk/post/semey-kalasynda-bokstan-kalanyn-ashyk-birinshiligi-otti-1018437)