---
title: "Әсел Садуақасова ана атанды ма?"
description: "Әсел Садуақасова ана атанды! Ол Ерболат Беделханның жанұясының кіндік шешесі атағына ие болды. Бұл ..."
author: "lg_with_aman"
published: "2016-10-19T11:39:57+00:00"
modified: "2016-10-20T00:44:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sel-sadua-asova-ana-atandy-ma-719760"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sel-sadua-asova-ana-atandy-ma-719760/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әсел Садуақасова ана атанды ма?

> Әсел Садуақасова ана атанды! Ол Ерболат Беделханның жанұясының кіндік шешесі атағына ие болды. Бұл ...

![Әсел Садуақасова ана атанды ма?](https://storage.yvision.kz/images/user/lg_with_aman/1ofL4W3f4md3ZLoxeBU7tdc3b9O6DX.jpg)

Әсел Садуақасова ана атанды! Ол Ерболат Беделханның жанұясының кіндік шешесі атағына ие болды. Бұл жайлы актриса өзінің [инстаграм парақшасында](https://www.instagram.com/asselsadvakassova/) хабарлады. Осыдан бір ай бұрын «Орда» тобының продюсері және мүшесі Ерболат Беделханның отбасы үшінші сәбимен толықты. Асыл Беделхан жұбайына кішкентай ханшайым сыйлады.

Ата-анасы кенжелеріне Інжу деген есім беріпті, ал кіндік шешесі ретінде Әсел Садуақасованы лайық деп есептепті. Бұл қуанышты жаңалығымен инстаграм парақшасында бөліскен Әсел қызына зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Инстаграмдағы Әселдің оқырмандары оны бұл жаңалығымен құттықтап, тезірек тұрмысқа шығуын ұсынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sel-sadua-asova-ana-atandy-ma-719760](https://yvision.kz/kk/post/sel-sadua-asova-ana-atandy-ma-719760)