---
title: "Сегізінші күн"
description: "Бәріңе сәлем!Бүгінгі күн өте керемет өтті.Бүгін біз жылап та,қуанып та үлгердік.Себебі,бүгін біз ша..."
author: "LyazzatS"
published: "2013-07-17T04:18:22+00:00"
modified: "2013-07-17T04:18:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-363588"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-363588/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сегізінші күн

> Бәріңе сәлем!Бүгінгі күн өте керемет өтті.Бүгін біз жылап та,қуанып та үлгердік.Себебі,бүгін біз ша...

*Бәріңе сәлем!Бүгінгі күн өте керемет өтті.Бүгін біз жылап та,қуанып та үлгердік.Себебі,бүгін біз шахтерлар қаласы болып табылатын-көмірлі Қарағандыға жол тартқан болатынбыз.Біздің бұл қаладағы ең бірінші аялдамамыз-КарЛаг мұражайы болды.КарЛаг - жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде ұйымдастырылған ГУЛАГ (Қазақ КСР Халық комиссариатына (НКВД) қарасты лагерьлерінің Бас басқармасы) деп жинақтап алынған атымен жүздеген лагерьлердің бірі болған.Бұл лагерде қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды. Оларды бүкіл елдің алдында «халық жауы» деп қаралап, балаларын ата-анасынан,әйелдерін күйеулерінен айырған. Осындай сұмдық жайттарды естігеннен кейін біз,яғни ХХI ғасыр жастары,бұндай жазықсыз жандарды қырып-жойған саяси зорлық-зомбылық 1930-1959 жылдар аралығында болып,қазір оның орнында тек ғана тарихи мұражай қалғанына қуанып,бүгінгі күнімізге шүкіршілік айтамыз.Себебі, біздің сол жердегі мүсіндерді көргенімізде кейбіреулеріміздің жүрегіміз шыдамай сыртқа шығып кеттік,ал кейбіреулеріміз күрсіне отырып,көзімізге жас алдық.Бір сөзбен айтқанда,біздің сол жерде сезінген сезімдерімізден кейін біз бақытты,тәуелсіз әрі бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға өте қуанышты болдық,біз үшін қан мен тер төккен ата-бабаларымызға үлкен алғысымызды айттық.Осындай жан түршіктірер жерден кейін біз Қарағанды қаласының ФМБ НЗМ-іне жол тарттық. Біз мектепке кірген кезде,қай жерде не бар екенін біліп тұрдық.Себебі,мектептің архитектурасы тап біздің мектеп секілді.Мектеп іші өте әдемі екен,бәрімізге де ұнады.Бірақ біз бұл жерге тек ғана мектепті тамашалауға келген жоқпыз,біз осы жерге біз секілді экспедицияға келген Семей қаласының оқушылары мен осы Қарағанды жерінің оқушыларымен спорттық жарысқа қатысуға келдік.Жарыс біз үшін өте сәтті өтті.Себебі,біз жарыста өзіміздің күшіміздің,татулығымыздың,жанкүйерлеріміздің арқасында бірінші орын иегерлері атандық.Жеңіске жеттік!Осылай қонақ үйге қызықты оқиғаларымызбен қатар үлкен жеңіспен оралдық.Менің ойымша,бүгінгі күн бәрінің есінде ұзаққа сақталады.Келесі көріскенше!*

* 7.07.2013 23:00*

*КарЛаг мұражайы*

*

![Сегізінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/lyazzats/sTq9Vkz8Wxc6950As3g4VHCXA19w5Y.jpg)

*

*

![Сегізінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/lyazzats/5v088x71MVQgLfof4dy606P84ZgPN7.jpg)

*

*

![Сегізінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/lyazzats/b8blZM29DllLUAHz2RCf5b9xz78jYo.jpg)

*

*Біздің жеңіп алған кубок.Бәріміз қуаныштымыз)))*

*

![Сегізінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/lyazzats/s4C55Du2MT4bCDcQqEs7eH54sK1icn.jpg)

*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-363588](https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-363588)