---
title: "Сегізінші күн"
description: "Сегізінші күн.Бүгін ерекше күн болды десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарағанды! Бұрын соңды болма..."
author: "lp_1996"
published: "2013-07-08T11:40:58+00:00"
modified: "2013-07-08T11:40:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-361700"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-361700/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сегізінші күн

> Сегізінші күн.Бүгін ерекше күн болды десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарағанды! Бұрын соңды болма...

Сегізінші күн.Бүгін ерекше күн болды десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарағанды! Бұрын соңды болмаған, көрмеген қалаға аяқ басамыз.

![Сегізінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/lp_1996/xvqsU5LIMZR9qYadoZtuHPH1XXw5UB.jpg)

Қарағанды ескі қалаларының бірі. Аса үлкен және зәулім архитектуралары бар қалаға қадам бастық!

Біздің ең бірінші соққан жеріміз- Долинка ауылында орналасқан " музей памяти жертв политических репрессий". Аты айтып тұрғандай елдің бостандығы үшін жанын аямаған азаматтар, әйелдердің жатқан абақтысы. Әрине ,Өткен шақ өте ауыр, мұның бәрін түсіну қажет емес.

Атап кететін жай- Қарғанды қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бар. Әрине, сыртқы және ішкі көрінісі Ақтөбе қаласына ұқсайды. Іші кең, таза, оқушылары досшыл, ашық. Бұл мектепке барған басты мақсатымыз- мектеп өмірімен танысу, және жарыста жеңу. Осы күні (07.07.13.) Семей, Ақтөбе және Қарағанды НЗМ-тері арасында жарыс өтпекші болды.

Уақытты көп алмай бірден айтайын - қарсыластың қайшылығына қарамастан біз жеңіске жеттік. Жарыс 3 кезеңнен тұрды: эстафета, армрестлинг, теннис. Осы 3 жарыста өзіміздің мектебінің 8 қырлы бір сырлы екенін дәлелдеп,, ұстаздың сенімін ақтап, қарсыластың тас талқанын шығардық. Қалай айтсамда да ұтқан - достық. Рахмет сіздерге достар. Барлық қатысушыларға мың алғыс білдіргім келеді. Ал, біздің қуанышымызда шек жоқ. Алғашқы жарыс-алғашқы басты жүлде. Жарайсыңдар достарым!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-361700](https://yvision.kz/kk/post/segizinshi-k-n-361700)