---
title: "«Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды"
description: "Дауыс беру тікелей эфирде sazkeruen@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. «Шалқар» ұлтты..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-09T13:13:02+00:00"
modified: "2015-12-09T13:13:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-zhelto-san-ayy-boyynsha-zdik-nge-dauys-beru-bastaldy-666680"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-zhelto-san-ayy-boyynsha-zdik-nge-dauys-beru-bastaldy-666680/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды

> Дауыс беру тікелей эфирде sazkeruen@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. «Шалқар» ұлтты...

Дауыс беру тікелей эфирде sazkeruen@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

![«Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/6gMi96f5Lj8CGS1eFhuf4N7ZXDY90z.jpg)

[«Шалқар» ұлттық радиосының](http://shalkarfm.kz/kz) «Саз керуен» бағдарламасында - жаңа айналым. Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында радио эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жалғасуда. Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар.

Дауыс беру тікелей эфирде sazkeruen@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың [«Алтын қорына»](http://kazradio.kaztrk.kz/kz/archive/programs/almaty-studiasy/altyn-qor) тапсырылады.

Айта кетейік, қараша айының қорытындысы бойынша әнші [Бейбіт Қорғанның](http://shalkarfm.kz/kz/news/news_sait_shalkar/saz-keruen-bagdarlamasynyn-zhenimpazy-beibit-korgan) орындауындағы [«Сен қуанышым»](http://shalkarfm.kz/kz/news/shalkar_sazy/beibit-korgan-sen-kuanyshym-enin-onlain-tyndau)әні үздік деп танылды.

Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ. Жоба авторы әрі жүргізушісі - Айсәуле Бейсенхан.

Желтоқсан айында төменде көрсетілген әндерге дауыс бере аласыздар:

«Еркем» - Заттыбек Көпбосынұлы

«Аңсағаным» - Абай Бегей

«Ай, ай жаным» - Ақбота Керімбекова

«Жан жарым» - Аршын Жолдасхан

«Бәрі жақсы болады» - Әсел Ергеш

«Бір барайық арманға» - «Хан-Тәңірі» тобы

«Қыз бақыты» - Ләззат Байырбекова

«Оразалының толғауы» - Еркегүл Айдолқызы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-zhelto-san-ayy-boyynsha-zdik-nge-dauys-beru-bastaldy-666680](https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-zhelto-san-ayy-boyynsha-zdik-nge-dauys-beru-bastaldy-666680)