---
title: "«Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз!"
description: "«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Әр аптаның бейсенбі күндері, ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-16T10:02:51+00:00"
modified: "2015-11-16T10:02:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-shal-ar-ltty-radiosy-ar-yly-zdik-ndi-any-ta-yz-641417"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-shal-ar-ltty-radiosy-ar-yly-zdik-ndi-any-ta-yz-641417/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз!

> «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Әр аптаның бейсенбі күндері, ...

«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба.

![«Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз!](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Hzw5GKTkz0d85LxKabbnMhe1V02JtA.jpg)

Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында [радио](http://shalkarfm.kz/kz) эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі - байқауға Көркемдік кеңестің іріктеуімен әншінің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Апта сайын [sazkeruen@kaztrk.kz](mailto:sazkeruen@kaztrk.kz) электронды поштасы арқылы тікелей эфирде дауыс беру жүргізіліп, ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы дауыс беріп, ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар.

Жоба авторы әрі жүргізушісі - [Айсәуле Бейсенхан.](http://shalkarfm.kz/kz/aiseule-beisenhan) Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ.

Қараша айы бойынша төменде көрсетілген әндерге дауыс бере аласыздар:

«Ақ махаббат» - Меңдеш пен Ақмарал;

«Ал, не дейсің?!» - «Ағайындылар» тобы;

«Арман айым» - Ермек Мұқаш;

«Бір дос керек екен» - Айқын Төлепберген;

«Өткен күндер» - Асқар Жүнісбеков;

«Сен қуанышым» - Бейбіт Қорған;

«Туған ел» - Өмірқұл Айниязов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-shal-ar-ltty-radiosy-ar-yly-zdik-ndi-any-ta-yz-641417](https://yvision.kz/kk/post/saz-keruen-shal-ar-ltty-radiosy-ar-yly-zdik-ndi-any-ta-yz-641417)