---
title: "Сайын даланың күй сазы"
description: "9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойы..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2019-07-10T04:55:55+00:00"
modified: "2019-07-10T04:55:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayyn-dalany-k-y-sazy-835978"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayyn-dalany-k-y-sazy-835978/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сайын даланың күй сазы

> 9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойы...

9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойындатқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толуына орай іс-шара өткізілді.

Бұл - Қазақстанның музыкалық аспаптар өнеріндегі тұңғыш әрі бірегей оркестрі. Ол барша әлемге қазақ музыка мәдениетімен, сайын даланың баға жетпес әуендерімен, қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен таныстырды.

Іс-шара барысында балалар оркестрдің құрылу тарихымен, оның репертуарымен танысты, сондай-ақ, олардың орындауында атақты күйлерді тыңдады. Ал шағын кітап көрмеден қазақтың музыкалық аспаптары туралы, қазақ халқының аспапты музыка тарихы туралы кітаптармен танысты. Іс-шара Ұлттық домбыра күніне орайластырылды.

https://photos.app.goo.gl/wXvsZ5Qd6sWqKNx68

![Сайын даланың күй сазы](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/35be736c95c6df159ce87cce2a9a98.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayyn-dalany-k-y-sazy-835978](https://yvision.kz/kk/post/sayyn-dalany-k-y-sazy-835978)