---
title: "Сайрауық барқан"
description: "Қазақстанның Оңтүстік‑Шығысы — бүкіл әлем туристері үшін ең әдемі және кеңінен танымал өңірлердің бі..."
author: "Kazgeo"
published: "2016-11-23T23:00:34+00:00"
modified: "2016-11-23T23:00:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayrauy-bar-an-729525"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayrauy-bar-an-729525/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сайрауық барқан

> Қазақстанның Оңтүстік‑Шығысы — бүкіл әлем туристері үшін ең әдемі және кеңінен танымал өңірлердің бі...

Қазақстанның Оңтүстік‑Шығысы — бүкіл әлем туристері үшін ең әдемі және кеңінен танымал өңірлердің бірі болып табылады. ҚазГео өз жазылушыларымен еліміз бойынша үздік саяхат бағдарларды таңдап, оған жетіп бару жолдары туралы ақпараттармен бөліседі. Бүгін біз сайрауық барқан жайлы айтып бермекпіз.

![поющий бархан](http://storage.yvision.kz/images/user/kazgeo/9C4ntJ1yJN6d5U6t1QyVqzadDwIRkS.png)

Ерекше барқанның пайда болу себептеріне сайрауық құмдарды жатқызуға болады. Аңыз бойынша, жергілікті тұрғындардың ойынша, барқан астында Шайтан ұйықтап жатыр және оны оятайын дегенде ол күрсінеді дейді. Тағы бір пікір бойынша бұл сол жерде орналасқан Шыңғысханның және оның сарбаздарының моласымен байланысты. Құмдардан шыққан дыбыстарды ұлы ерлік туралы баяндап жатқан қолбасшының әңгімелеріне теңейді.Сайрауық барқан әлемнің жеті жаңа ғажаптарының тізіміне енгізілген. Физик В. Арабаджидің ғылыми түсіндіруі бойынша, құм қиыршықтарының бір‑бірімен үйкелісіп жылжудың себебінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың үндестілігі шиқылдан гүрсілге дейін өзгешеленеді. Сонымен бірге, барқан құрғақ ауа‑райы кезінде ғана дыбыс шығарады.Саяхатқа дайындалу қажеттілігіне лайықты назар аударуды ҚазГео ескертеді. Өздеріңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су мен азық-түлікті салып алыңыздар. Егер Алтынемелдің басқа да көрікті жерлерін көрем деп жоспарласаңыздар, онда сол аймақтың тағы 500 шақырымын жүріп өту қажет. Жанармай қоры кем дегенде 700 шақырымдық жүріске жететіндей болу керек. Соның өзінде паркті аралауға бир күннен артық уақыттарыңыз кетеді. Өздеріңізбен бірге шатырларды, түнемел қаптар мен жылы киімдерді алып шығыңыздар.Жету жолдары:1. Алматы қаласынан Қапшағай жоларнасымен солтүстік бағытта Талдықорған қаласына қарай жүріп отырамыз.2. Шеңгелді ауылынан өткен соң, Архарлы асуымен көтерілеміз. Сарыөзек қаласына қарай жүре береміз.3. Сарыөзектің алдында айналма жүрістің түйіскен жері болады. Сонда Жаркент жаққа жүретін жолды таңдаймыз. Айтпақшы, айналманың алдында Жанармай бекеті бар. Біздің жолымыздағы бұл соңғы бекет болғандықтан, толтырып құйып алыңыздар.4. Алматыдан 217 шақырымда орналасқан Алтын — Емел асуына дейін барамыз.5. Асудан түскен соң, 10 км жүргеннен кейін, оң жағымыздан Басши ауылы және Алтынемел бағы деген сілтеуіші бар жолды көреміз (Алматыдан 239 шақырым).6. Сосын сілтеуіштерге қарап шамамен 2 шақырым жолды Алтынемел бағының әкімшілігіне дейін жүріп өтеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayrauy-bar-an-729525](https://yvision.kz/kk/post/sayrauy-bar-an-729525)