---
title: "Сайлау-2015: Елбасыға лайықты қарсылас екеу ғана..."
description: "Сайлаудың болғанынан боладысы қызық… Қазіргі күні 26 сәуірде болатын сайлауға қатысты Президенттікк..."
author: "makala"
published: "2015-03-19T07:42:37+00:00"
modified: "2015-03-19T07:42:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saylau-2015-elbasy-a-layy-ty-arsylas-ekeu-ana-483067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saylau-2015-elbasy-a-layy-ty-arsylas-ekeu-ana-483067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сайлау-2015: Елбасыға лайықты қарсылас екеу ғана...

> Сайлаудың болғанынан боладысы қызық… Қазіргі күні 26 сәуірде болатын сайлауға қатысты Президенттікк...

![Сайлау-2015: Елбасыға лайықты қарсылас екеу ғана…](http://iskernews.kz/wp-content/uploads/2015/03/3310.jpg)

*Сайлаудың болғанынан боладысы қызық… Қазіргі күні 26 сәуірде болатын сайлауға қатысты Президенттікке үмітті азаматтар үшін алғашқы сынақ — мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау жұмыстары жалғасуда. Дегенмен, кандидат атанғысы келетіндердің барлығы дерлік бұған дейін мемелекеттік тілден емтиханын тапсырып шықты. Соңғы екі аптаның ішінде біреудің бағы жанып, келесі кезеңге жолдама алса, екіншісі сүрініп, кері қайтуға мәжбүр болды. Ал кейбір кандидаттар лингвистикалық комиссияның жұмысына сенімсіздік танытып, сайлаудан бас тартып та жатыр. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені, «Президент боламын!» дейтін азаматтар емтиханнан өтпесе де, сайлау мінберін пайдаланып, саяси мәлімдеме жасап кеткенді жөн санайтын тәрізді. Осылайша, науқан арқасында жұртшылыққа көрініп-ақ қалғысы келетіндер де бар секілді. Түйіндей айтсақ, ең құрығанда кандидат атанғысы келетіндер лингвистикалық комиссияның отырысын дау-дамайға айналдырып та атағын шығарып жатыр (жалғасы мұнда: [iskernews.kz](http://iskernews.kz/sailau-2015-elbasyga-layikty-karsylas-ekeu-gana/)).*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saylau-2015-elbasy-a-layy-ty-arsylas-ekeu-ana-483067](https://yvision.kz/kk/post/saylau-2015-elbasy-a-layy-ty-arsylas-ekeu-ana-483067)