---
title: "Саяси әлемдік қақтығыстар"
description: "Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін..."
author: "usergoogle112058975752446722348"
published: "2022-12-06T04:52:11+00:00"
modified: "2022-12-06T14:51:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayasi-lemdik-a-ty-ystar-980171"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayasi-lemdik-a-ty-ystar-980171/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Саяси әлемдік қақтығыстар

> Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін...

Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.

Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады. [28,27]

Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметтік қақтығыстардан тұрады, бұл жағдай шартсыз түрде халықтар өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларына қалыпқа келтірілмейтін зиян келтіреді.

Тағы бір ерекшелейтін жайт, көбінесе ең күрделі байқалмайтын, анайы болып көрінетін жағдайлар, түрткілерден, себептерден туындайды, сондықтан да қақтығыстың маңыздылығы, оның құрамдас бөліктері, олардың шешу жолдарын қарастыру әлеуметтік психология ғылымының ең маңызды пәні болып табылады.

Барлық қақтығыстар адамның ішкі өмірі ерекшелігіне, сонымен қатар оның әлеуметтік қатынастарына негізделген психологиялық құрылымдардан тұратыны белгілі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстерді қақтығыстардың маңызды әлеуметтік мәселе болып табылатынын зерттеулерде көрсетті. Бұл бірқатар себептермен шарттасқан: қақтығыс феноменінің күрделілігі, сонымен қатар оның пайда болуын бірнеше мәнде түсіндірген.

Қақтығыс қоғамдық қатынастардың басым көзі болды. Ол айқын және латентті формаларда көрінеді. Ол тұлғааралық қарым-қатынастарға ене отырып, күнделікті өмір және мемлекеттің дамуына негізделген қақтығыстарда көрініс табады. Осындай жағдайдың басты себебі ретінде Аристотельдің (384-322ж..д.) ойы бойынша бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп ойлады. Осыдан келе оның пікірі бойынша қақтығыс қоғамның қалыпты жағдайы болып саналады. Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамның тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды деп санады.

Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері

Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін әдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті және әлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап әлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тәрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге және өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дәл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға және оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нәтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады.

Өзіңнен қуатты бәсекелесті өзіңнің дұрыс екеніңе сендіру үшін салмақтырақ дәйектерді ұсына білу керек. Алайда, қақтығысты назарға алмау мүлдем дұрыс болмас еді. Егер біреудің мүдделері үнемі аяқасты бола беретін болса, бүл алдын ала біліп болмайтын салдарларға алып келуі мүмкін. Әдетте, қақтығыс жеке мәселелер бойынша туындайды. Алайда ұзақ уақыт бойы созылатын әрекетсіздік бұдан гөрі маңызды салаларға өтіп кетуі мүмкін. Мәселен, дастархан басындағы жүріс-тұрыстардан туындайтын егес уақыт өте келе «әкелер мен балалар» арасындағы қақтығыс оты тұтанатын шоққа айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда ескі көңіл толмаушылықтар мен наразылықтардың барлығы қайта еске түсіріліп, олардың арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай сызат түсері анық.

Қайнар көзі:

1.”Егемен Қазақстан” газеті, 2019жыл

2.”iKAZ.info” сайты, 2016жыл

Жетекші: аға оқытушы Н.Б.Рушанова

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayasi-lemdik-a-ty-ystar-980171](https://yvision.kz/kk/post/sayasi-lemdik-a-ty-ystar-980171)