---
title: "Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы"
description: "1 Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көр..."
author: "Arsik"
published: "2013-05-13T22:33:54+00:00"
modified: "2013-05-13T22:33:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-kochin-nemese-shy-ysty-veneciyasy-352458"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-kochin-nemese-shy-ysty-veneciyasy-352458/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы

> 1 Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көр...

1

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](http://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Av8l39W11KxhCi1YiPDI5B1o5Cu6z0.gif)

Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көркем Керала штатының **Кочин** қаласына барған саяхатымды фото баяндама түрінде назарларыңызға ұсынамын. Колониалды ғасырларда Кочин Португалия, Голландия, Англия империяларының еншісінде болған.

2

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/rE95wFOw00cK9vIHi2fJDDgWc0Eka1.jpg)

Кераланың кей жағалары Араб теңізімен бір деңгейде және жылдың үштен бір мезгілі жаңбырлы болып, тау шатқалдарынан ағатын өзендер салдарынан материкте көптеген теңіз қолтықтары (Kerala backwaters) пайда болған, содан болар ежелден бұл ғажап табиғи экожүйені "Азия Венециясы" деп атап өткен.

3

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/a7n8798dz09lrH9jcLd46JC0IYcyGb.jpg)

Еуропалықтардан мұра болып қалған дін, тіл, ескі қамалдар, шіркеулер сақталғанымен, төл халық өзіне лайық аталық ғұмырын кешіп келеді.

4

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/mCtNBaeyf08VXwyIZs1EzzXTeTQEB5.jpg)

Негізі Кочин индустриалды қала және халықтың басым бөлігі заманауи жағдайларды баураған, алайда кейбір жергілікті адамдар қарапайым өмір сүреді.

5

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/fNTiNLsbb8aAE88S47tQm7FsWWDK8Q.jpg)

Тас жол көпірінің маңында жергілікті егде әйелдер Азиялық Венеция суларында киімдерін жуып жатыр.

6

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/me7D0Y4zob49Y8SV38Au6O2khf5y0F.jpg)

Маңайды қоршаған шағын мүйістерде тек қайықтармен қатынауға болады. Кочин талай саяхатшылардың қызығушылығына айналу салдарынан, осындай қайық-үйшіктер (houseboat) жалға беріледі. Ішінде өзіңізді жайлы сезінуге болатын барлық жағдайлар жасалған.

7

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/dR181EF6uAxRZMf81t6656jzHuz6IW.jpg)

Біз болсақ бір күндік қызықты саяхатқа аттандық. Тұщы суларда қатынап, оңаша тұрған арал тұрғындарының суда түсіп жырғауына да тап болдық.

8

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/4i53azcnReE6iJ3e5GHnoV6IHaeRrw.jpg)

Бұл егде кісі біздің қайықтың артқы жүргізүшісі. Әр ұзын гандолада екі жүргізүші болуы міндет.

9

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/VWYv2yvfApuP92mJHM36EK4082Sq00.jpg)

Ал бұл сырттан қатал көрінетін кісі қайықтың басты жүргізүшісі. Судың саяз болғандығынан ұзын бамбук таяғының көмегімен қайықты итермелейді.

10

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/zvPXKNQYEaMUPs5B02n9Po64NV8Jrp.jpg)

Қайықта отырған басқа шетел саяхатшылардың назарына сапар барысында қазақтың қара жұмысқа икемділігін көрсетуге де саспадық.

11

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Zt9BQoOb8cT3vB9kUlAk5HPa76e0XN.jpg)

Қарапайым балықшының жеке аралдағы үйшігі

12

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/vfCSe3NQ6K1tanOj1ZUGmqeMXMfQWx.jpg)

Қайықты бамбук таяғымен жүзгізіп аралдар, пальмалар, қолданыстан шыққан қайықтар арасынан толық тыныштықта қалқып, мызғымас сезімдерге толықтық.

13

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/yqJb81s5bFk7074v875Hq77E3Nl3vX.jpg)

Украиналық бойжеткен Италияда өмір сүргенімен, Үнді жеріне әпкесімен қоса үш айлық бэкпэкерлік саяхатқа келген.

14

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/b15R2q0C0NAS72FaA94aWlaKHsAJEL.jpg)

Біздің танысумыз Гоалық темір жол станциясында бастау алып, өзара саяхатымыз Кочинде жалғасын тапты.

15

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/dhCAglkKZvCj7Dn1PoQX33mwMw74TZ.jpg)

Жолда біз қабыршақтарды(раковина) өңдейтін кішігірім зауытқа тоқтадық.

16

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/TTpS8BT20DpiNz8Gnfriqf0061KO0T.jpg)

Әлгі қабыршақтарды ұнтақтауға арналған орасан пеш.

17

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/6DopPiCSCs4gJcCl2uAmB1tZNp75NJ.jpg)

18

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Y6i8NCtaeQFcW5cHqDUi1JbnutYf15.jpg)

Бұл қабыршақтардан өңдірілген ұнтақ құрылыс саласында қолданысын тапты, яғни ұнтақты цементпен араластыру салдарынан соңғы өнімнің сапасын әлдеқайда арттыруға болады екен.

19

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/GLqMxUyOa68GBl1gKAzqatAp2yzKd9.jpg)

Өзен лайына құрбан болмау үшін, бамбук таяғының көмегіне жүгінген адам. Есесіне бұл тұщы өзендер қолтырауындарға (крокодил) толы болды, оларға бірінші рет кезігіп жүргендіктен, объективке түсіру естен шығып та кетті.

20

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/AjgQ2h790Ih4urztynIdFx8FU78ONd.jpg)

Қайығымыздың келесі аялдамасы кокос өңдейтін жер болды. Кокос талшықтарын түрлі өнімдер шығару үшін қолданса болады екен.

21

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/f96FmA1cJ7k3ffp8px5oNS6rj1lF2G.jpg)

Жас пальмалардың өмірі жіпке ілінуінен басталады, кейін есейген кокос жерге отырғызылады

22

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/h74S9Bc3KBcPt3N6r0k5Fm1Rrbg4Qf.jpg)

23

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/gTUzPkoe438zd6ql8i897F1xVmY3iS.jpg)

Кокостардан алынған талшықтарды өзара біріктіру арқылы, ұзын арқан іспеттес жіптерді өриді.

24

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/qc1sUBqXrEfA2Z1ysrOCi07xZCA7fi.jpg)

Сонан соң бұл жіптерден түрлі кілемдер, төсеніштер өңдеп шығарады.

25

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/39zzKwem915T5jr1E8Ob32t6vf5ELl.jpg)

Теңіз пираттарының (әрине Джек Воробей сияқты) қуалауынан сақ болу кейінге қалдыратын іс емес.

26

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/0PJ2M1usXzPH6Jbh8WtwSMm1YX6eNa.jpg)

Татымдылар (бұрыш,қалампыр, даршын) плантациасында ойнаған бүлдіршіндер. Керала татымдылары ежелден Мысыр, Таяу Шығыс, Грек елдеріне тасымалданатын, әлі де болса татымдының жергілікті экономикада өзегі мол.

27

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/icG2514yO69Q90R6xiFOA6p9L7wtRH.jpg)

Даршын (корица) татымы тропикалық ағаштың қабығынан алынады. Үндістер оны асқа қосып қана қоймай, шайға да матырады.

28

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/uUVTjM9kndmF9v0FfS6ddnyh20qjZ2.jpg)

Мангоның тек пішініне ұқсас жеміс. Алайда ол улы, демек жеуге жарамсыз.

29

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/lb492BvEJS4i89ek9AVFmkATK95VwG.jpg)

Пальмалармен қоршаған ортада тек бір топ қарғалар қарқылдап ұшып жүрді, айтпақшы, Оңтүстік Үндістан бананнан кептірілген чипсымен танымал.

30

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/JMX1to4c9ke49AcmXn8KQCYldAsSGy.jpg)

Экзотикалық сафариде бәрі дерлік ерекше, тіпті пальма жапырағы бізге ыдыс ретінде ұсынылды.

31

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/w7ty6hOxoxTlYmE0V9adW8U27a1Mz5.jpg)

32

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/x6qDnd20D4dRn1NBgz6RcT684QR4Hq.jpg)

Ажалы жеткен питонды саяхатшылардың тамсаңған жүздеріне сауық болсын деп байлап қойыпты.

33

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/uW5g7q4t9rgL013q4I2o4lHdY8wgno.jpg)

Шашты майлау кез келген үндістің таптырмайтын қажеттілік әдеті.

34

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/5tI3Dk32w8e2307xk35s9l5eqgPrlU.jpg)

Дравидтер (Оңтүстік Үндістан халықтары) ежелден бері осында қоныстанған, сондықтан ерекшеліктерге толы. Дравид ерлері лунги атты белге оралатын киім-кешегімен айрықша атақты. Оны қарапайым егіншіден бастап штаттың саяси шенділері де киеді.

35

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/vtnHnx8cRfzwUXOUIn668592pn709D.jpg)

Көне құдық әліге дейін адамдарға қызмет көрсетуде.

36

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/W1AQcpAnwzOXytmwG2Hk3O7qaW17ZM.jpg)

P.S. постты қалайша аяқтаймын деп терең ойға баттым, дегенмен осы сәнді орындықтың суретімен-ақ аяқтайын, әйтпесе әңгімеміз ұзақ болып кетті. Келесі жазбаларда жүдескенше, халайық!

*Саяхаттаған: Намаз Нирак*

*фото автордікі*

*

![Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/0cFIht9M2x0mBJkTop0q3nq0pkE2P7.jpg)

*

[Алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели](http://yvision.kz/post/342742)

[Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](http://zamanamaz.yvision.kz/post/343144)

[САЯХАТ 3, Каджурахо - өнер ме әлде пасықтық па?](http://zamanamaz.yvision.kz/post/343785)

[Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі](http://yvision.kz/post/345618)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayahat-kochin-nemese-shy-ysty-veneciyasy-352458](https://yvision.kz/kk/post/sayahat-kochin-nemese-shy-ysty-veneciyasy-352458)