---
title: "Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump"
description: "1.Кез келген бэкпэкер (бюджетті турист) Ришикеш қаласының атын естігенде, ойына Ганга өзені, Гимайла..."
author: "zamanamaz"
published: "2013-03-21T01:48:44+00:00"
modified: "2013-03-27T07:45:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-ii-rishikesh-zh-ne-mytylmas-bungy-jump-343144"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-ii-rishikesh-zh-ne-mytylmas-bungy-jump-343144/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

> 1.Кез келген бэкпэкер (бюджетті турист) Ришикеш қаласының атын естігенде, ойына Ганга өзені, Гимайла...

1.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/BRGnhS8xT8GAq0KcL6LVy5jg5KX9qn.jpg)

Кез келген бэкпэкер (бюджетті турист) Ришикеш қаласының атын естігенде, ойына Ганга өзені, Гимайлай шатқалдары, рафтинг, трэккинг, үнді храмдары, йога, медитация және дәмді манты сияқты "момо" атты Непал асүйі еске келері сыр емес. Бірақ дүние бір орында тұрмайды, сондықтан Ришикеш жайында үйреншікті мағұлматқа қоса, адреналинді жаңа деңгейге қалай жеткізгенімізді баяндаймын.

2.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](http://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/ncfPIqNLNPym9yEU7mtwZX5t4QDcE6.gif)

Ришикеш-қаласы Үндістанның өлшеміндегі кішігірім "Уттараканд" штатында орналасқан. Йога мен медитацияның әлем астанасы болып саналады, танымал The Beatles тобы 1968 жылы осында келген болатын, сол уақыттан бері хиппилар және сол бағыттас жас ұрпақтардың негізгі туризм бағытына кірді.

3.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/dj512nSv8QKvuLwysJC1l5PN50TCsB.jpg)

Дели-Харидвар бағытында қатынайтын темір тұлпарын күтіп отырғанда, аяғы гипсте болып, жүк арбада кезіп жүрген кісіні көрдік. Cуреттің сол жағындағы ер адамның қолында "шарифа" атты жемісті байқасаңыз болады, түрі шырша бүрі іспеттес болғанымен, өте дәмді жеміс. Орысша аты "анона".

4.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/kX9bBycN0BlB7oosT0KXvaWVYC4xmp.jpg)

Маймылдар негізі үнді храмдарының қасында шоғырланған, себебі үнді діндарлары өзімен бірге құдайларға құрбандыққа арнап, жеміс-жидек не турлі тағамдарын әкеледі. Таудың дәл үстінде орын тепкен үнді храмдарына жетү ушін арнайы сатымен не кішігірім фуниклермен жетсе болады.

5.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/s0kDM6wMBU66n0HkJV2loXKkJR3q8k.jpg)

Біз асықпай баспалдақ жолын таңдадық, жоғары шыққан сайын, секіріп садақа деп жырғап, көптеген маймылдармен жолықтық.

6.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/oF1PJa76F3Py6ONC7KsF7i2cW6Z575.jpg)

Желтоқсан айы салқын таңсәрі. Қыста осы таулы аймақта тунгі температура -2 градусқа шейін түсуі әбден ықтимал, есесіне, үйлердің ортақ жылыту жүйесі болмағандықтан, қыста бұл аймаққа шетел туристтері аз келеді,

7.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/o16RI11S543Rr3zxeXfCWheLa6KHnr.jpg)

Осы жас бикеш Лондон тұрғыны. Йога ісімен айналысқанына жеті жыл, тантра йога курстарын жіті меңгеру мақсатымен келген, йогаға қатты құмар болғанымен өзін кешқұрым сыра ішуінен және наша тартқаннан шектемейді.

8.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/954BT998v3Bn4U12yhOkQtTGTZFuXA.jpg)

Біз жатқан гест хаустың төңірегіндегі ашрамдардың бірі.

9.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/HDPNASWlAc9iWLj24ZiQP5Pvn8Jy9y.jpg)

Ганг өзенінің екі жағасын қосатын көпір- "Лакшман Джулла".

10.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/8PNdxwDj2k0yrNmgA7FG10bPwHC43C.jpg)

Көпір ені бір метр болғанына қарамастан,тайынбайтын, үнді тұрғындары жаяу көпірді мото тас жолға айналдырған

11.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/3b0LG17bmeOQl89j32tv4Bh5INO13G.jpg)

12.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/aPnnutVcwdeXZ7z4sKN04CIFOP6IW4.jpg)

**Ганг өзенінің тасты,таулы өңіріндегі ағысқа қарап, кейбір жерлердегі құмды жағажайлар тамсандырады және суға түсуге тартады**

13.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/G092eXM95858HAC0mtEpcWqJz4iCSi.jpg)

Ришикештің ен ірі храмдарының бірі

14.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/0MumOK544Vqk0Pi6NQq6cJk1SMMPir.jpg)

Көпір қожайыны түскі тамақ уақытындағы тамақтануы.

15.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/88XdTm41SK5QW0H0rlOPRxvYhUl1Ke.jpg)

Сарқырамаға баратын тау соқпағындағы қызықты көрініс. Бұл орындық тас көшкінінің құрбаны болды.

16.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/O4t5mIR2aM0m2I1Tvo3fbT4b8UWY46.jpg)

Ал мына қызыл кеудешеге сарқырамаға баратын тас жолда тап болдық, мүмкін иесі қатты соққан желге жолығып, ішкі киімінен айырылған.

17.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/xNCC6Fr4hJY2gecs01swdZNY58wcjc.jpg)

Сарқырамаға кешкі сағат бесте жеткенде, күннің нұры таудың арғы бетінде қалды. Салқын, мөлдір су бізді керемет баурап, Гималай шатқалдарынан бастау алған қадірлі суынан дәм татып, ғажап сезімдерге ие болдық. Сарқырама қыста қарапайым болып көрінеді, оның себебі көшпе мұздарының қату мезгілі. Муссон айларында су бар күшімен төмен бағытталады, дәл сол кезде рафтинг сүюшілері де келеді.

18.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/51V5ZAxP3Q2g35656KdXJx6Uy1tV1M.jpg)

Сол жақта ыдысын жуып отқан пенде, сарқырама төңірегіне келген туристтерге ыстық шай, магги ұсынады.

19.

![Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/hlR20k812NnS31b56TnJMiWapZSh6I.jpg)

Ал бұл әсерлі боянған, артында сары құйрығы бар және кастерлі зілбалғасын ұстаған, хануман құдайы. Сіздің маңдайынызға күлімсіреп нуктені (бинду) жағып жібереді, тағы сізбен сүретке түсуге сұранады. Ол жай ғана қайырымдылық жасап жүр деп ойламаныз, оның күні бойы бойанып жүргеніне сіз әрине ақша төлеуге міндеттісіз, одан құтыламыз деген бес рупиге маймылдай ырылдап, өкпесін көрсетті.

20.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayahat-ii-rishikesh-zh-ne-mytylmas-bungy-jump-343144](https://yvision.kz/kk/post/sayahat-ii-rishikesh-zh-ne-mytylmas-bungy-jump-343144)