---
title: "Саяхат: Джодхпур қамалы"
description: "1. Джодхпур шаһары Делиден 600 шақырым, Джайсалмер штатында орын тепкен. 2. Әдетке айналған Үндіст..."
author: "Arsik"
published: "2013-05-21T02:10:30+00:00"
modified: "2013-05-21T02:10:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-dzhodhpur-amaly-353558"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-dzhodhpur-amaly-353558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Саяхат: Джодхпур қамалы

> 1. Джодхпур шаһары Делиден 600 шақырым, Джайсалмер штатында орын тепкен. 2. Әдетке айналған Үндіст...

![Саяхат: Джодхпур қамалы](http://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/7MSLo3u5M1e3svQGtoFwH3bd7KnS8n.gif)

1. **Джодхпур** шаһары Делиден 600 шақырым, Джайсалмер штатында орын тепкен.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/4qrQkVCZGc315frumrQ6tYV9m265MJ.jpg)

2. Әдетке айналған Үндістанды шарлау жайындағы посттарым темір жол станцияларынан бастау алады. Пойыз вагондары соңғы станцияға жетпегенше тазаланбайды, салдарынан жағдайы нашар жасөспірімдер вагондарды өз бетімен тазалап, еңбегі үшін жолаушылардан ұсақ тиындар талап етеді.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/2NAbuO3OnJK53FhMfq4Y7i7D8VkyaZ.jpg)

3. Үнді әйелінің қастары арасындағы үйреншікті даққа қоса, маңдайынан жоғары қарай жағылған қызғылт сызық оның зайыпты екендігін білдіреді.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/S31Fa30W1PFhvVD1FcX4LyON0X6jpP.jpg)

4. Раджстан штатының егде жасқа жеткен кісілері өзінше мұрттарымен және оралған бас киімдерімен ерекшелінеді.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/PjuGdoUA03LVt88nk4K5sSzcUk313A.jpg)

5. Электр қуаты бағандарда қалай болса солай жайылған сымдар арқылы тұтынушыларға тұрақты түрде жетеді.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/4rx43rD7ocs7SA5I0E3fsiRd5Ce5m6.jpg)

6. Гүл бүршіктері түрлі шараларға түсіне байланысты бөлінеді. Қызғылт сары түсті гүлдерді құрметті адамдардың мойнына іледі немесе жаңа сатып алынған көлікті безендіреді. Ал ақ түсті гүл бүршіктері үнді ғибадатханаларында дұға қылғанда құдайлардың мүсіндеріне ілінеді, ал қызыл гүлдер үйлену тойларында жаңадан ерлі-зайыпты болғандарға арнап іледі.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/ibjEUqi8og9i26ftC2kfgM8prExp9y.jpg)

7. Суретке тусіргенім үшін уақ ақша беруге мәжбүр болдық. Оған күә болған қыз бүлдіршін алақаның созып шапшаң жугіріп келген болатын.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/6D3gYM51k8AT4YAPNHWuRxw6brKwz8.jpg)

8. Үнді көшелеріндегі осындай күнделікті көрініс сирек емес.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Vr201g81UpDLsv5Ibif64PYsnOpr2d.jpg)

9. Жарқын жарнамаға кезігіп қалайша шетел тілінің курсына жазылмасқа.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/F4VjVazXS5FKoE81amagTX2liDH084.jpg)

10.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/pd5kDQVLStS0AmSpt9VE4rQdJr0JeN.jpg)

11. Пойыз терезесінен суретке түсірілген ортағасыр қамалдары. Алайда шөл далада орын тепкен болғандықтан, саяхатшылар тапшы.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/QqgxA87sF7NAsyeoxOr5G9soXg4zA6.jpg)

12. Біздің жол болса Мехрангарх атты қамал "Megrangarh fort" тарабында.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Cinh5Gp40d0r4Min8qq67evv04VuUv.jpg)

13. XV-ші ғасырда салынған қамал өзінің зор өлшемдерімен таң қалдырады. Дуалдың биіктігі кей жерлерде 36 метрге жетсе, ені бір жерде 21 метр құрайды.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/3CFqzX9fCzUcxADSHxjdzmulRY5okl.jpg)

14. Көбіне үнді саясаткерлерін тасымалдауға арналған "Ambassador" көлігі саяхатшыларды дуалдың шеңберінде серуендеткізуде.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/9q7QODzAvEg8Iw0G2u61VxtcVKFaX9.jpg)

15. Үндістан және басқа да онтүстік-шығыс Азия елдерінде зор қолданыстағы "тук-тук" иә "ауто-рикша" жолаушыларды тасымалдаушы шағын көлік.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/w3QT0ta26bZ1KZk8TD8y9396232874.jpg)

16.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/93s4b6LIK2gg7WU5qb537TR7BUxCBt.jpg)

17. Қарапайым қара халық шетел саяхатшылармен бірге суретке түсуді ұнатады, жұрт ортасында құрбан болған шетел саяхатшысын байқасаңыз болады.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/fmQy1s43Fm3bfJRooKF9p0dE1THuVR.jpg)

18. Раджстан штатына әуес "хавели" атты сарайлар. Осы "**Умейд Бхаван" хавели **сарайы ХХ-шы ғасырда қызықты салдардан бой көтерген екен. Сол заманда өңірде зор құрғақшылыққа тап болған халықты жұмыспен қамту үшін салдырған.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/yYO9Ser7yXNywN0RJu3CgIHy70l9qF.jpg)

19. Алпауыт қабырғаның ар жағы қонақ үй болса, бер жағын құстар паналаған.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/j1ly2jjwHoE6YUDB1JxMtZI9R53SZb.jpg)

20. Қамал ішіне беттейтін дарбазалардың бірі.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/OZ5LNQ2mcDubEdjEahWmzq3XN6A8yN.jpg)

21. Әліге шейін қамалдың ішінде қызу өмір, сондықтан осындай жүк тасымалдап келетін көліктер жетерлік.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/599m468l82DY0cpt95vNexC0g99Ja2.jpg)

22. Кіре берісте дуалдар жарқын суреттерге толы.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/0TQAlhbkFb2harG4H6jLcLkcDgKQxh.jpg)

23. Ортағасырлық ғимарат пен көрнекті қолшатыр, әдемі көрініс синтезін құрған.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/h7GvYq5DdZ5PC1gkUOUD73Jlc6Xovj.jpg)

24. Бекіністе ашық аспан астында зеңбіректер түзелген.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/gP7aC4gnlXc4i6NaxEArbN3NJYBTh7.jpg)

25.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/CUYszf52Y0q6VefyfaQU21wR6QS1W8.jpg)

26. Бұл зеңбірек оқпаны XIX-шы ғасырда Шотландияда құйылып жасалған екен.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/FTg8haO70qbB2Oj5eLIK4dBhGj0n0K.jpg)

27. Ал бұл қолшатыры бар отырғыш хоуда (Нowdah) деп аталады. Пілдің арқасында орнатылып, мәртебелі пенделерді тасымалдауға арналған.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/iKyfhWv6i2Qwe0zxqdT8tzvg2wEQsl.jpg)

28. Бұл отырғыш болса ханзадаларға арналған, алайда оны ұзыннан созылған таяқтын көмегімен тасымалдайтын.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/2Idh4KE4CipK9894u8xEp7wzNCaxi9.jpg)

29. Сари киген періштелермен безендірілген бесік.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/iVJxf66076rfR61rlIj4JdaQVKWjZ1.jpg)

30. Қаншама көрікті көрінгенімен, қазақтын ағаш бесігіндей тебірете алмайды екенсін.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/AA8xrsraUJ1gzw6i6UcgvkVn9s2aFn.jpg)

31. Тоты құстың басына сияқты жасалынған қылыш сабы.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/tE0u27H5LFCasKUStWfLOgK8817xZB.jpg)

32. Лағыл тас (рубин) көзді жолбарыс.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/t3H7KrvdgCs89XwCjr8rT06m674DN4.jpg)

33. Саусақтарға кигізілетін дөңгелектері бар суық қару.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/3AztjHvbx68PNPhKR3gMqHyYn1a53E.jpg)

34. Ортағасырлық кастет. Төл аты "katar".

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/TB9oW57XS39XrG8Q9y5326i7bw281V.jpg)

35. Піл сүйегінен қашаланған, аттың бейнесі бар пышақ сабы.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/IWAHh4t82r5xe1SWb24mOZ6D9MvFM3.jpg)

36. Сурет өнерінің шағын жиынтығы, қиял аңдарымен тамсандырады.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/qDzrb4TFAS3uHH2jIT2wa8xdtE37pC.jpg)

37. Үнді құдайлары бейнеленген сурет.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/or7UnTt71rJ7CqJ3pTzkhIq4L4R119.jpg)

38. Патша сарайының ханымдары мен қызметшілерінің қарапайым өмірі бейнеленген сурет.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Rz1JXzu8y7baH60QC8CduAJb3129m4.jpg)

39. Раджа сарайының ішкі көрінісі.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/MaqnAxXDSKv9CJZQNq22ghLgBWM5yT.jpg)

40. Қамал аясындағы мәрмәр ғибадатхана.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/JIGFX5RNzMbWCddtisvO7stGODm5Yn.jpg)

41.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/p8cLA9441zeRwW2hIEONs9C3ZQWa8o.jpg)

42.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/ORNwjpsFcgraNyIc6M9PwMBSWwQ7WK.jpg)

43. Бәрін тамашалап, көтеріңкі көңілмен қайтса болады.

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Hl2lDF2lNrZ7O90vSH7Prs7yoxV27r.jpg)

44. Келесі жүздескенше!

*Саяхаттаған: Намаз Нирак*

*фото автордікі*

*

![Саяхат: Джодхпур қамалы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/0cFIht9M2x0mBJkTop0q3nq0pkE2P7.jpg)

*

[Алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели](http://yvision.kz/post/342742)

[Ришикеш және ұмытылмас bungy jump](http://zamanamaz.yvision.kz/post/343144)

[Каджурахо - өнер ме әлде пасықтық па?](http://zamanamaz.yvision.kz/post/343785)

[Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі](http://yvision.kz/post/345618)

[Кочин немесе шығыстың Венециясы](http://yvision.kz/post/352458)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayahat-dzhodhpur-amaly-353558](https://yvision.kz/kk/post/sayahat-dzhodhpur-amaly-353558)