---
title: "САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?"
description: "1 Джанси қаласының темір жол станциясындағы үйреншікті көрініс. Пойыз күтушілерінің осылайша кез ке..."
author: "zamanamaz"
published: "2013-03-26T00:15:50+00:00"
modified: "2013-03-27T07:37:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-3-kadzhuraho-ner-me-lde-pasy-ty-pa-343785"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sayahat-3-kadzhuraho-ner-me-lde-pasy-ty-pa-343785/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?

> 1 Джанси қаласының темір жол станциясындағы үйреншікті көрініс. Пойыз күтушілерінің осылайша кез ке...

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](http://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/9OqGM63sv1gxJXGN2Yw6u37hWXnq84.gif)

1

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/UraJC1M1tMD8m2AVq3E0mHX9jGD4Wb.jpg)

Джанси қаласының темір жол станциясындағы үйреншікті көрініс. Пойыз күтушілерінің осылайша кез келген жерде көлбейінен жатуы ғажап емес.

2

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/1FOXry5P7jDCC7YHvg2bwdsA3BwdfR.jpg)

Демалып жатқан күтушілерге (мүмкін жергілікті тұрғындар) станцияның сыртынан да жолықса болады.

3

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/0eNL7Ow4RMkc3CKzqVIpV44nRSX25h.jpg)

Бэкпэкер саяхатшыларының сүйікті sleeper вагоны. Бұл вагондар ақысы арзан болғандықтан, кейде ине симайтындай жұртқа толы болады.

Әттен-ай, вагон еденінде ұйғасқан бауырластардың кіші інісі сүретте көрінбейді, себебі ол төмен сол жақ полкасының астында рахаттанып жатыр.

4

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/okCQ2Rb6vC4hJQydTk71yjGOD4jkir.jpg)

Каджурахо Делиден 620 шақырым онтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

5

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/y4WMB1ZCt60Jv6OZYT9aDJBmJ267R0.jpg)

Бұл ғажап храмдар кешені Х-ХІІ ғасырлар аралығында Чандела династиясының орталығы болған кездерде салынған.

6

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/lgBtB5lq6e8r73H8IGpp8Ad3RWF2Fd.jpg)

Заман алға басқан сайын, кей династиялар топыраққа айналса кейбіреулері сол топырақтан пайда болады. Чандела династиясының да билігі мәнгілікке созылмады.

7

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/n7jiTKaN5VVV6Po3xS8rXO0329hITO.jpg)

ХІІІ ғасырдан ХІХ ғасырға шейін қалашық қалың қаптап өскен, джунглимен қоршалып, Майа храмдары сияқты сыртқы назардан тыс қалды. Сондықтан болу керек, Үнді жерін басқан Ислам діндес сұлтанаттар бұл орта ғасыр қалашығы туралы мәлімсіз болған, әйтпесе біз қазір бұл ескерткіштерді тамашалай алмайтында едік.

8

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/99Hd9OdlL8vCX3WgvUomLIylaOF08s.jpg)

Храмның ішкі көрінісі де, епті мүсіндерге толы

9

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/25B7LaT86s1XJVPcQioiNZUKn21YX2.jpg)

Девнагри әліпби қолданысымен, көне санскрит тілінде қашалынған тас тақтайы. Есесіне, қазіргі заманда санскрит тілі тек діни шаралармен, киелі кітаптарда қолданыста журсе де, девнагри әліпбиі әліде Үндістан, Непал, Бангладеш елдер тілдерінде қолданыста.

10

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/DZzQ12EW2U6zpcMXSLd6KWUa0nEzTC.jpg)

Мүсіндер мен храмдар кілең құм тастан жасалынған.

11

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/IpSS8qrGFq1hTjWjC768abDuwO5z7u.jpg)

Хинду дінінің Вишну атты құдайы. Барлық Вишну мүсіндері тек бір піл суйегімен әшекеленеді екен.

12

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/0PikUN3BT5bm8uc2iq5OZ5YbSYZ9N1.jpg)

Әйтсе де, табиғи күштері өз ізін қалдырған. Бастапқыда бой көтерген 85 храмның тек 20 шақтысы сақталған, алайда күрделі реставрациялық жұмыстардың көмегінің арқасында, саяхатшылар бүткіл әлемнен осында тартылады.

13

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/oa9EJe2rH4a2ZdpDTg8YMH2p0OJ7Kp.jpg)

Әр мүсінің өзіндік ерекшелігі бар, ал бәріне ортақ ол әр мүсінің аяғы, жанбасы, басы түрлі тараптарға майысып қоқилануы.

14

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/EBb9zB3dtN8hXHBKC5nqTPf6x5l6FW.jpg)

Кешен маңында алпауыт арыстандар кейде аулауға шығып, осындай қайғылы жағдайларға әкелуі әбден ықтимал. Сондықтан көрген жерге қолды сұқпай, абай болыныз.

15

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/4ceewrDQuTx3NHUsBPmTvTZT3lonwN.jpg)

16

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/e8Re6gts4g1He3u9rTi7rdNLKgoF9m.jpg)

Барлық мүсіндердің тек 10% эротикалық бағытты қамтиды, ал қалған мүсіндер, сол заман тұрғындарының күнделікті өмір тіршілігі, хинду құдайлары, жануарлар, әскери сапарлар, қарапайым егінші бишілер таста ойлған.

17

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/FG0Vba89U1qN2ys9SSa4Pwv1e71GXN.jpg)

Бізді кешенге тегін кіргізді, сүйтсе бір аптаға созылған әлем тарихи ескерткіштерінің құрметіне арналған шара болыпты (ЮНЕСКО-ның бастамасымен).

18

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/88JH0ZD3ku8v1e8q4v99PCKksa8qwt.jpg)

Әлемдегі барлық эротикалық бағытта салынған тарихи мусін ескерткіштердің арасында, Каджурахо ерекше орын алып тұр.

19

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/XcN5mR3sHOrk2pFY16A83iXu55F089.jpg)

Дүниеде осындай мүсіндерге іспеттес көлемде салынған кешен басқа еш жерде жоқ.

20

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/brxTZMwpT1J3l7qdnhEWJs6AV43kOJ.jpg)

Мүсінші екі жақтағы бойжеткендердің майысып, ұялып тұрған сезімдерін жеткізуге тырысқан.

21

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/voMsoG69wkW8798oRWHrd028oSNm9G.jpg)

Мол жаңбыр мен ысыған күн нұрлары храмдардың бетін қара туске айналдырады

22

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/P8lO6NzHM8p6mtvj2yQ15IVHF3qZ4I.jpg)

Гангман стайл әнінің отандасы, қасиетті бұқа құрметіне арналған храмның төңірегінде отыр.

23

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/Q6cx6d7g1eK9Vx15sF9MST6bab5509.jpg)

24

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/gK3kXD98lZuK8U12V4QSD6leMSb1hw.jpg)

69

25

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/7o6hQBWUnDkF6ibt2H40CBeLHC8hf2.jpg)

26

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/ANa2z63N6RGDe8qPe7A4N2uUdDJUVn.jpg)

Каджурахо қалашығының базарындағы пышақ қайрайтын дукенше шеберлері.

27

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/38g2jB45wMP52pUXNO3mO0grG7B8wF.jpg)

Ата-бабасынан қалған тасты өнер мұрасын тамашалауға келген мектеп оқушылары.

28

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/4GxbHnhXsa8081uV0OwCdHzRC8Ci86.jpg)

Каджураходан 20 шақырым жердегі табиғи су коймалары, негізі бұл өзеннің бөлігі, бірақ қыс мезгілінде жауын жаумайды, күзетшінің әнгімесіне сенсек, муссон мезгілінде жергілікті өзен, ғажайып сарқырама болып, керемет мөлшерде суды айдайды.

29

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/o1zW36c0u22IqtrUy7Lki65zCP67X8.jpg)

Осы маңайды серуендеу үшін велосипед жалдадық, урал тәріздес екі дөңгелекті көлікті бар болғаны 50 рупиге куні бойы айдауға мүмкіншілігініз бар.

30

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/dJYYjgC4vKM8q2ju8pyCQrc4Qxdrtx.jpg)

31

![САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?](https://storage.yvision.kz/images/user/zamanamaz/m2tBu66tWQRwFF1Gt5qQ3wbN7y7Lch.jpg)

Әліге мамандар бұл тас мүсіндердің неліктен салынғаны туралы талай пікірталас туғызған кезде, қарапайым саяхатшылар мында келіп, гидтардың аңыздарын тындап, бұның бәрі өнер ия пасықтық деп өз тұжырымдарын жасауда.

P.S: Жоғарыда баяндалған мәтін ішінде қателіктерге тап болсаныз, төменде ескертуінізге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sayahat-3-kadzhuraho-ner-me-lde-pasy-ty-pa-343785](https://yvision.kz/kk/post/sayahat-3-kadzhuraho-ner-me-lde-pasy-ty-pa-343785)