---
title: "Сауран қаласындағы көне кәріздер"
description: "Сауран шаһардың маңынан табылған әлемде сирек кездесетін суландыру жүйесі, яғни кәріздер тарихта ер..."
author: "KarakozT"
published: "2014-07-25T05:07:19+00:00"
modified: "2014-07-25T05:07:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sauran-alasynda-y-k-ne-k-rizder-422794"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sauran-alasynda-y-k-ne-k-rizder-422794/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сауран қаласындағы көне кәріздер

> Сауран шаһардың маңынан табылған әлемде сирек кездесетін суландыру жүйесі, яғни кәріздер тарихта ер...

![Сауран қаласындағы көне кәріздер](https://storage.yvision.kz/images/user/karakozt/VgUtjG8EqsfNK4O71q2aXErOma5d3v.jpg)

Сауран шаһардың маңынан табылған әлемде сирек кездесетін суландыру жүйесі, яғни кәріздер тарихта ерекше орын алады. Ежелгі қала маңайында 300-ден аса көне кәріз құрылыстары болған. Солардың ішіндегі ең кіші дегеннің өзі 500-700 метрге болса, үлкендері 8-10 шақырымға жеткен. Кәріздер дегеніміз – құдықтар арқылы бір-бірімен жер асты жалғасатын су немесе су құбырлары. «Өлкетану» бағдарламасымен тарихы терең көне кәріздерді тамашалайық!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sauran-alasynda-y-k-ne-k-rizder-422794](https://yvision.kz/kk/post/sauran-alasynda-y-k-ne-k-rizder-422794)