---
title: "Сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй!"
description: "23- 27 мамыр аралығында Жастарға қызмет көрсету орталығында (Ломов көш. 38) «Қазақстанның Ипотекалық..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-18T22:52:59+00:00"
modified: "2016-05-18T23:26:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/satyp-alu-a-bolatyn-zhaldamaly-t-r-yn-y-693881"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/satyp-alu-a-bolatyn-zhaldamaly-t-r-yn-y-693881/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй!

> 23- 27 мамыр аралығында Жастарға қызмет көрсету орталығында (Ломов көш. 38) «Қазақстанның Ипотекалық...

23- 27 мамыр аралығында Жастарға қызмет көрсету орталығында (Ломов көш. 38) «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-нан Сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады.

Аталмыш бағдарламаға тек ЖАО (жергілікті атқарушы орган) кезегінде тұрғандар, яғни, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабы 1 тармағының 1-1),2),3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар санаты қатыса алады, сонын ішінде:

- Көпбалалы отбасылар;

- Толық емес отбасылар;

- Мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;

- Ата-ананың қамқорлығынан айрылған жетім балалар;

- Оралмандар;

- Мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, әлеуметтік мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік мекеме қызметкерлері.

Жалға алу мерзімі 20 жыл, мерзім өткеннен кейін тұрғын үй жалдаушы меншігіне өтеді; 5 жыл өткеннен кейін тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі, табыс жетіспеушілігі жағдайында кепілгерді тарту мүмкіндігі қарастырылады.

Біздің мекен-жайымыз: Ломов көш. 38, 1.01 кабинет.

Құжат қабылдау уақыты: 9:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/acJu7aCSI62c8LdeAqTfP92N8GBUx7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/satyp-alu-a-bolatyn-zhaldamaly-t-r-yn-y-693881](https://yvision.kz/kk/post/satyp-alu-a-bolatyn-zhaldamaly-t-r-yn-y-693881)