---
title: "«Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» жаттығуларының шешуші кезеңі өтіп жатыр"
description: "Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемле..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-08-15T22:26:38+00:00"
modified: "2013-08-15T22:26:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sarysha-an-poligonynda-zhauyngerlik-dostasty-2013-zhatty-ularyny-sheshushi-keze-i-tip-zhatyr-369092"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sarysha-an-poligonynda-zhauyngerlik-dostasty-2013-zhatty-ularyny-sheshushi-keze-i-tip-zhatyr-369092/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» жаттығуларының шешуші кезеңі өтіп жатыр

> Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемле...

**Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесі шеңберінде «Жауынгерлік достастық-2013» тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізіліп жатыр.**

![«Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» жаттығуларының шешуші кезеңі өтіп жатыр](http://mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/16082013-2/1.jpg)

Оқу-жаттығу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамалары, бөлімдер мен бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ жауынгерлік есептоптардың еліміздің әуе шебін қорғаудағы дағдысын жетілдіру мәселелері пысықталатын болады. Сонымен қатар, ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күштері мен құралдарының бірлескен жауынгерлік кезекшілікті жүргізудегі өзара іс-қимылдарын көрсетеді. Бұл ретте қойылған тапсырмалардың сәтті орындалуы үшін жеке құрамның жоғары моралді-психологиялық, жауынгерлік және кәсіби сапасын арттыруға барынша мән беріледі.

 
 

Нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған тактикалық оқу-жаттығуға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жетпістен астам жауынгерлік есептобы тартылған.

 
 

Шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға келтірілген әуе шабуылына қарсы жағдайларды туғызу үшін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері оқу орталығының жауынгерлік есептоптары күрделі нысаналық жағдай қалыптастырған.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sarysha-an-poligonynda-zhauyngerlik-dostasty-2013-zhatty-ularyny-sheshushi-keze-i-tip-zhatyr-369092](https://yvision.kz/kk/post/sarysha-an-poligonynda-zhauyngerlik-dostasty-2013-zhatty-ularyny-sheshushi-keze-i-tip-zhatyr-369092)