---
title: "Сараптама кеңесі отырысында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелері талқыланды"
description: "Ағымдағы жылғы 10 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент..."
author: "finpolsko"
published: "2015-11-11T04:26:10+00:00"
modified: "2015-11-11T04:26:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saraptama-ke-esi-otyrysynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-ru-m-seleleri-tal-ylandy-636505"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saraptama-ke-esi-otyrysynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-ru-m-seleleri-tal-ylandy-636505/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сараптама кеңесі отырысында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелері талқыланды

> Ағымдағы жылғы 10 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент...

![Сараптама кеңесі отырысында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелері талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/u77wBG7nwhlF01l0AkCp690Rr4d1eK.jpg)

Ағымдағы жылғы 10 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Сараптама кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы М.Д. Қожахмет, АОО директоры Т.В. Лебедева, облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы Ж.Қ. Ахметова, аудандар және Петропавл қ. әкімдері аппараттарының басшылары, жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдарының жетекшілері мен кадрлық қызмет мамандары шақырылды. Күн тәртібінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлеуметтік әріптестікті дамыту, облыстық Тәртіптік кеңесінің жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.

![Сараптама кеңесі отырысында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелері талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/riF9QT665i47JXoSuL4CZmR5Wk8by4.jpg)

Кездесуді ашқан А.Қ. Мұқашев, биылғы жылы Агенттіктің жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында аппаратты қайта құруға бағытталғандығын және соның нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қабылданғандығын жеткізді. Заңның мақсаты – конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету, біліктілік негізінде мансаптық жоғарылату, еңбекақыны нәтижеге сай төлету болып табылады. Заңнамаға сәйкес, Департаментпен облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің кадрлық құрамына мониторинг жүргізіледі. 9 айдың қорытындысы бойынша олардың жұмыстары талданып, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындаған ҚР АШМ Агро өндіріс кешеніндегі аумақтық инспекциясы, Тексеру комиссиясы, Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметтерінің мамандары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Е.Ф. Степаненко «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтарымен таныстырды. Біліктілікке негізделген жаңа Заң қазақстандық мемлекеттік қызметінің басты принципі ретінде «мансаптылықты» нығайтады. Ал мемлекеттік қызметке өту және одан әрі өсу білім мен біліктіліктің деңгейіне байланысты болады. Бұдан әрі сөз Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевқа берілді. Ол өз кезегінде, өткен мерзімде Тәртіптік кеңес атқарған жұмыстың қорытындысына және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау жұмысына тоқталды. Аталған мәселе қарастырылған соң, мемлекеттік сатып алулар және қаржылық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу, ведомствоға қарасты мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындар қызметін бақылау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруда аумақтық іс-шаралар Жоспары тармақтарының сапалы және уақытылы орындалуын қадағалау, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғалардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу ұсынылды. Жиын соңында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Н.С. Жахин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәсілі» тақырыбында баяндамасын оқу барысында, 2015 жылы Агенттікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара қарым-қатынас жасау бойынша ашық келісім әзірленгендігін хабарлады. Оған түрлі ұйымдар, бірлестіктер, оқу орындары мен азаматтар қосылуға құқылы. Осы бағыттағы жұмыс біздің өңірімзде де іске асырылуда. Бұдан әрі мемлекеттік қызметті өткеру және «Е - қызмет» БАЖ пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер санына мониторингі бойынша есептерді тапсырудың аталған негізгі бағыттары бойынша кадрлық қызмет мамандарына арнайы тәжірибелік оқытулар өткізілді Іс-шараға 185-тен астам адам қатысты.

![Сараптама кеңесі отырысында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелері талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/fqCygqy4R601NSJMzCw6HQf4lyZcnf.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saraptama-ke-esi-otyrysynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-ru-m-seleleri-tal-ylandy-636505](https://yvision.kz/kk/post/saraptama-ke-esi-otyrysynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-ru-m-seleleri-tal-ylandy-636505)