---
title: "Сарапшылық кеңес құрамы жасақталуда"
description: "Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы \"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын ар..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-01-10T11:46:17+00:00"
modified: "2019-01-10T11:46:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sarapshyly-ke-es-ramy-zhasa-taluda-823471"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sarapshyly-ke-es-ramy-zhasa-taluda-823471/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сарапшылық кеңес құрамы жасақталуда

> Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын ар...

Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының миссиясы - Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Жобалық кеңсенің жанында жұртшылық, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдерінің қатарынан Сарапшылық кеңес құрылады.

Жоба аясында сарапшылық кеңес келесі салалар бойынша өзінің қызметін жүзеге асырады:
- Білім бері;
- Денсаулық сақтау;
- Әлеуметтік қамтамасыз ету;
- Сәулет, құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы;
- Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары;
- Мемлекеттік кірістер органдары;
- Сот және құқық қорғау органдары.

Осыған орай, аталған сарапшылық кеңес құрамына сарапшы ретінде қатысуға шақырамыз. Ұсыныстарыңыз бен түйіндемелеріңізді 2019 жылдың 21 қаңтарына дейін Adaldyq07@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sarapshyly-ke-es-ramy-zhasa-taluda-823471](https://yvision.kz/kk/post/sarapshyly-ke-es-ramy-zhasa-taluda-823471)