---
title: "Сапарымыздың төртінші күні."
description: "Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы Сәлеметсіздер ме, құрметті достар­­! С..."
author: "TAMAK"
published: "2014-07-05T13:17:00+00:00"
modified: "2014-07-07T03:08:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saparymyzdy-t-rtinshi-k-ni-420370"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saparymyzdy-t-rtinshi-k-ni-420370/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сапарымыздың төртінші күні.

> Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы Сәлеметсіздер ме, құрметті достар­­! С...

##### Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар­­! Сіздердің назарларыңызға Павлодар қаласының химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ең алғаш үздік шаңырақ атауына ие болған «Оқжетпес» шаңырағының «Туған елге тағзым» атты экспедицияның төртінші күні жайлы мәліметті ұсынамыз. Бізді ең қатты тамсандырған- Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы- сәндік өнер музейі.

![Сапарымыздың төртінші күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/3ihCB8n20w19mZWw7WLcNv30qWsxUl.jpg)

Осыдан бұрын осы музейге ұқсас көптеген музейлерді аралап едік, бірақ өзінің ерекшелігімен тамсандырған осы музей бізге жағымды әсерін қалдырды. Жалпы Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражай негізі Атырау облыстық Халық депутаттары кеңесінің Атқарушы комитетінің 15.11.1990 жылғы шешімімен қаланды. Мұражай 1992 жылы 2 сәуірде ашылды. Ал 2005 жылдың 5 шілдесінде музейге Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі Шаймардан Сариевтің есімі берілді.

![Сапарымыздың төртінші күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/6i0nFt59E72R7Q7nJZXwO8LWtXc27u.jpg)

Алғашқы уақытта мұражайда 1211 жұмыс көрсетілді. Коллекция тұрақты түрде толығып отырды және бүгінгі күні 1294 экспонаттан тұрады. Мұражай экспозициясы орталық зал, Маңғышлақ көне өнер залы, ежелгі дәуір залы, қазіргі заманғы бейнелеу өнері, графика залы, сәндік-қолданбалы өнер залы, Шаймардан Сариев көркемөнер залдарында көрсетілген.

Графика туындыларының арасында белгілі қазақстандық суретшілер Ә.Қастеев, К.К.Ходжиков, У.Ажиев, В.И.Антощенко-Оленев, Э.Н.Бабад, К.Я.Баранов, Е.Бесембинова, А.С.Бесембинов, Н.Гаев, А.А.Гурьев, Т.Н.Говорова, А.А.Дячкин, И.Н.Исабаев, А.Исмаилов, И.Е.Квачко, М.Кисамединова және басқаларының жұмыстары. Коллекцияда ҚР қыл қалам шеберлері С.А.Мамбеев, Г.М.Исмаилова, С.Романов, Ж.Шарденов, Л.Леонтьев, И.Нурмухамедов, М.Калимов, М.С.Кенбаевтың кескіндеме туындылары қойылған.

![Сапарымыздың төртінші күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/zmN9mUTCo25EK20622zHp7P1JSHoG5.jpg)

Жоғарыда бәрімізге атақты Сариев Шаймарданның "Қоштасу" атты суреті бейнеленген. Бұл сурет графикалық әдіспен орындалған болатын.

Сонымен қатар бізді рухтандырған бірнеше суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

*Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!*

Blog-ты дайындаған: Байжуманова Танзиля 11 - "С" сынып оқушысы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saparymyzdy-t-rtinshi-k-ni-420370](https://yvision.kz/kk/post/saparymyzdy-t-rtinshi-k-ni-420370)