---
title: "«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізілді."
description: "БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 11 маусымында автомобиль жолдарының сапасы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-06-11T13:44:44+00:00"
modified: "2020-06-11T13:44:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sapaly-zhol-adaldy-ala-y-zhobasyn-iske-asyru-boyynsha-ke-es-tkizildi-859001"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sapaly-zhol-adaldy-ala-y-zhobasyn-iske-asyru-boyynsha-ke-es-tkizildi-859001/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізілді.

> БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 11 маусымында автомобиль жолдарының сапасы...

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 11 маусымында автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат залында БҚО әкімінің орынбасары Т. А. Шәкімовтың төрағалығымен «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

Іс-шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. И. Самет, «Ақжайық-адалдық аланы» жобалық кеңсесінің басшысы А. У. Салиева, облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік органдардың басшылары, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалының, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының өкілдері, автомобиль жолдары құрылысы саласындағы әкімдік басқармаларының, бөлімдерінің басшылары, мердігерлік ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау өкілдері қатысты.

Н. И. Самет өз сөзінде жобалық кеңсенің өткен кезеңдегі жұмысының қорытындысы туралы тоқталып, жобалық кеңсенің мақсаты парасаттылық саясаты мен қағидаттарының комплаенсін енгізу, азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынаста автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде жария және ашық бақылауды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Жоба аясында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО бойынша филиалымен және Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп ағымдағы жылы облыстың (1) және қаланың (4) автомобиль жолдары учаскелеріне 5 шығу жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша:

1. Лесозащитная көшесі бойынша (ген.мердігер ЖШС «Ануш-құрылыс») кәріздің жабын құдықтарының қақпақ люктері жоғарғы қабатындағы асфальт бетонынан шамамен 8 см төмендетілген, жобада үй-жайларға кірістер ескерілмеген және жолдын екінші бетінде тротуар қарастырылмаған, бұл жағдайлар тұрғындарға елеулі қолайсыздықтартудыруда.

2. 8 март көшесі (ген.мердігер ЖШС " Түркістан Жол Сервис) бұл жолда жол жүру бөлігі тротуардан 7 см жоғары, сонымен қатар, жобада үй-жайларға кірістер ескерілмеген, және жол жиектері бекітілмеген, кейіннен а/б жамылғысының жүру бөлігінің жиегінің бұзылуына әкеп соқтырады.

3. Ә. Молдағұлова көшесі бойынша (бас мердігер – "Бірлік"ЖШС). Атап айтқанда, өткен жылғы ескертулерді жою бойынша жұмыстар барысына мониторинг жүргізілді (жоба талаптары бойынша бетон жамылғысының жоғарғы қабаты енінің сәйкестігі, технологиялық жанасу орындарындағы ауытқулар (асфальт төсегіштің старт және табаны), 3 метрлік рейканың астындағы саңылаулар 10 мм-ден 15 мм-ге дейін болды).

Мердігермен анықталған ақаулар әлі күнге дейін жойылмаған. Атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер шеңберінде жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыруы тиіс болатын, оның орнына объектіде тек шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталған.

4. Үлкен Шаған-32-42 км (ген.мердігер "АСФА"ЖШС).

Жолдарды орташа жөндеу уақытында, автокөлік құралдарына айналып өту қарастырылмаған, ал жолды жөндеу бір қозғалыс жолағын жабумен жүргізіледі. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген объектіде (орташа жөндеу) жолдың екі жағы да жабылды, ал автомобильдердің өтуі үшін айналма жол салынды, ол жүргізушілер үшін айтарлықтай қолайсыздық туғызады. Ұзақ жаңбырдан кейін жол жүру үшін жарамсыз болып шықты және мониторингтік топтың көзінше жол-көлік оқиғасы орын алды (лас және балшық жол нәтижесінде).

Ескертпе: айналып өту жолдары күрделі жөндеу кезінде ғана көзделеді.

Көрсетілген ескертулер бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалы тапсырыс берушіге тиісті хаттар жолдады.

Қорытындылай келе Н. И. Самет барлық жоғарыда көрсетілген шаралар бүкіл қоғамның мүдделерін ескеруге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінің, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшыларын БАҚ және т.б. өкілдерінің қоғамдық бақылауына кедергі келтірмеуге шақырып, бұл жағдайда компанияның имиджіне теріс әсер етуі мүмкін екенің, тапсырыс берушілерге құрылыс жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізуге жергілікті халықты тарту жөніндегі жұмысты одан әрі жандандыруы қажет екенің атап өтті.

Қоғамдық бақылауды күшейту және барлық құрылыс қатысушыларының жол сапасына жауапкершілігін күшейту үшін А. Салиева мен азаматтық белсенді А. Муссилов өз көзқарасын білдірді.

Т. Шакимов өз сөзінде бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы еліміз бойынша автомобильдік жолдардын сапасы бойынша соңғы орында тұрғанын, сондай-ақ сапаға әсер ететін төрт негізгі факторды атап өтті, бұлар мердігерлік ұйымның жоғары біліктілігі, тапсырыс берушінің тиімді жұмысы, техникалық қадағалаудың құзыреттілігі және ЖСҚ-ның сапалы дайындығы.

Кеңеске қатысушылар, оның ішінде жұртшылық пен БАҚ өкілдері жобаға қызығушылық білдіріп, уәкілетті органдардың өкілдеріне қала мен аудандардағы жолдардың сапасы туралы бірқатар өзекті мәселелерді қойып, оларға тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sapaly-zhol-adaldy-ala-y-zhobasyn-iske-asyru-boyynsha-ke-es-tkizildi-859001](https://yvision.kz/kk/post/sapaly-zhol-adaldy-ala-y-zhobasyn-iske-asyru-boyynsha-ke-es-tkizildi-859001)