---
title: "Сантаның өлімі"
description: "\"Шарбаққа асыла берме, құласаң оңбайсың!\",-деп үлкендер ұрсушы еді бұрын. Мына Санта сол қариялардың..."
author: "yerlenyerkebulan"
published: "2013-12-13T06:13:09+00:00"
modified: "2013-12-13T06:38:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/santany-limi-389436"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/santany-limi-389436/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сантаның өлімі

> "Шарбаққа асыла берме, құласаң оңбайсың!",-деп үлкендер ұрсушы еді бұрын. Мына Санта сол қариялардың...

"**Шарбаққа асыла берме, құласаң оңбайсың**!",-деп үлкендер ұрсушы еді бұрын.

Мына Санта сол қариялардың тәрбиесін көрмеген бе, әйтеуір, Астананың қақ ортасында қараша айынан бері жанармай бекетіне керіліп, "**бұлар Тәуелсіздік күнін қалай атар екен**",-деп ұрланып, сығалап тұрған болатын.

![Сантаның өлімі](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlenyerkebulan/2LQ3Xaq2Us5UC04fg3d6UggYa4M43W.jpg)

Астана Сантаны жек көреді екен. Бір ашуға мінді де, секундына жиырма метрлік дауылмен соғып, бір сұлатқаны бар-тын. Сөйтіп бұл Санта реанимациядан бір-ақ шықты.

Бір апталық үлкен отадан соң, қайтадан ескі әдетіне басып, сол шарбаққа қайта керілді.

Бұл жолы аязға шыдас бермеді ме, кезекті рет омақаса құлап, парша-паршасы шықты. Осы жолы өліп қалды-ау. Сес қатпай жатыр.

![Сантаның өлімі](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlenyerkebulan/HUbBC6zKWDiKC3xr1Xjdr13j1GHen0.jpg)

Енді қала сыртына шығарып тастау керек. Ол да жұмыс боп тұр. Жұмыс деп қоям-ау. Ертең жиырма бес метрлік дауыл келе жатыр екен ғой. Еһ, жақсы болды...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/santany-limi-389436](https://yvision.kz/kk/post/santany-limi-389436)