---
title: "Санкт-Петербургте қазақстандық бүлдіршін үшінші..."
description: "Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған. Фото: qaragandyhabary.kz Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен. «Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек..."
author: "orazali"
published: "2024-05-29T04:02:42+00:00"
modified: "2024-05-29T04:02:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sankt-peterburgte-aza-standy-b-ldirshin-shinshi-abatta-y-terezeden-lap-ketti-1005079"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sankt-peterburgte-aza-standy-b-ldirshin-shinshi-abatta-y-terezeden-lap-ketti-1005079/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Санкт-Петербургте қазақстандық бүлдіршін үшінші...

> Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған. Фото: qaragandyhabary.kz Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен. «Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек...

*Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/6c54ad9309ea200c21dd2e99dcd8f1.jpg)

*Фото: qaragandyhabary.kz*

Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен.

«Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек Раухфус атындағы балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Оған ашық бас-ми жарақаты, ми зақымдануы, ішкі ағзалардың жарылуы деген диагноздар қойылды. Сөйтіп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі деген дерті бар. Оны анасы Санкт-Петербургке емдетуге алып барыпты. ** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sankt-peterburgte-aza-standy-b-ldirshin-shinshi-abatta-y-terezeden-lap-ketti-1005079](https://yvision.kz/kk/post/sankt-peterburgte-aza-standy-b-ldirshin-shinshi-abatta-y-terezeden-lap-ketti-1005079)