---
title: "Сандықтау ауданында балалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» марафоны аясында «Адал өмір сүру керек» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды"
description: "«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде Сандықтау ауданынд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-06-24T08:18:29+00:00"
modified: "2015-06-24T08:18:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sandy-tau-audanynda-balalar-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-ayasy-516166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sandy-tau-audanynda-balalar-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-ayasy-516166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сандықтау ауданында балалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» марафоны аясында «Адал өмір сүру керек» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды

> «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде Сандықтау ауданынд...

«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде Сандықтау ауданындағы Балкашин а. аудандық шығармашылық үйде балалар арасында «Адал өмір сүру керек» тақырыбында сурет сайысы болып өтті.

Сурет сайысына қатысуға 25 адамнан өтініш түсіп, әділ-қазылар алқасының төрелігіне 30-дан астам суреттер тапсырылды.

Балалар сайысының қорытындысы бойынша қазылар алқасы Балкашин № 1 орта мектебінің оқушысы Вусала Казимованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзінің өмірге көзқарасын суреттеуін үздік деп бағалады.

Аудан әкімінің орынбасары В. Горохводатский қатысушыларға алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік танытудың маңыздылығын айтты.

![Сандықтау ауданында балалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» марафоны аясында «Адал өмір сүру керек» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/GkIym0a4n6StsP8SrcPbr00skyuMcU.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sandy-tau-audanynda-balalar-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-ayasy-516166](https://yvision.kz/kk/post/sandy-tau-audanynda-balalar-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-ayasy-516166)