---
title: "«SANALY URPAQ» жобалық офисі ашылды"
description: "2018 жылдың 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-12-20T13:47:32+00:00"
modified: "2018-12-20T13:47:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sanaly-urpaq-zhobaly-ofisi-ashyldy-822196"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sanaly-urpaq-zhobaly-ofisi-ashyldy-822196/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «SANALY URPAQ» жобалық офисі ашылды

> 2018 жылдың 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл...

2018 жылдың 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы С.Қ.Ахметжановтың қатысуымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «SANALY URPAQ» жобалық офисі салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А.Наметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sanaly-urpaq-zhobaly-ofisi-ashyldy-822196](https://yvision.kz/kk/post/sanaly-urpaq-zhobaly-ofisi-ashyldy-822196)