---
title: "САМБО: Арман Оспанов Әлем Кубогына қатысады"
description: "Самбодан Әлем чемпионы, Қазақстандық самбошы Арман Оспанов алдағы 5-8 қыркүйек аралығында Болгари..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-09-02T02:51:44+00:00"
modified: "2014-09-02T02:51:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sambo-arman-ospanov-lem-kubogyna-atysady-427795"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sambo-arman-ospanov-lem-kubogyna-atysady-427795/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# САМБО: Арман Оспанов Әлем Кубогына қатысады

> Самбодан Әлем чемпионы, Қазақстандық самбошы Арман Оспанов алдағы 5-8 қыркүйек аралығында Болгари...

[!\[САМБО: Арман Оспанов Әлем Кубогына қатысады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140831153431-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140831153431.jpg)

Самбодан Әлем чемпионы, Қазақстандық самбошы Арман Оспанов алдағы 5-8 қыркүйек аралығында Болгарияның Бургас қаласында самбодан өтетін Әлем Кубогына қатысады, — деп хабарлайды sports.kz сайты.

Арман Оспанов бұл жарысқа алдағы 3 қыркүйекте аттанады. Айта кетелік, «Алаш Прайд KZ» жауынгерлік клубының «Сұңқары» атанған сайыпқыран, аралас жекпе-жектің шебері Арман Оспанов таяуда Тайландта бір айлық оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтқан болатын.

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sambo-arman-ospanov-lem-kubogyna-atysady-427795](https://yvision.kz/kk/post/sambo-arman-ospanov-lem-kubogyna-atysady-427795)