---
title: "«Самұрық-Қазына» қорының 13 активі электрондық сатуға шығарылады"
description: "2016 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онд..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-22T09:08:23+00:00"
modified: "2019-08-22T14:21:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-oryny-13-aktivi-elektrondy-satu-a-shy-arylady-713004"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-oryny-13-aktivi-elektrondy-satu-a-shy-arylady-713004/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Самұрық-Қазына» қорының 13 активі электрондық сатуға шығарылады

> 2016 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онд...

2016 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда «Самұрық-Қазына» АҚ екінші тізіміндегі 13 активті электрондық аукцион әдісімен сатуға шығару туралы шешім қабылданды.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, осы әдіспен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 7 ұйымы сатуға шығарылады:«Бас-Балхаш 2004» ЖШС, «МАК-Экибастуз» ЖШС, «Көлік қызметтерінің орталығы» ЖШС, «Рауан Бурабай» ЖШС мен «Магистраль-Қызметi» ЖШС-нің 100% үлесі; «КазЭлектроПривод» БК» ЖШС-нің 50% және «Аймақтық форвардтық логистика» ҚБҰ-ның 90% үлесі.

Электрондық аукцион арқылы «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның «Омега» құрал жасау зауыты» АҚ мен «832 көлік жөндеу зауыты КИ» АҚ-ның 100% үлесі, сондай-ақ, «ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% үлесі.

«Бірлескен химия компаниясы» АҚ электрондық аукционда «ОХК Инжиниринг» ЖШС-нің 25% үлесін, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрамына «Semurg Invest Temir Zholy» ЖШС кіретін «Каскор-Транссервис» ЖШС-нің 12,87% үлесін сатуға шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кешенді бағдарламасын іске асыру аясында, Қор 2 тізімге бөлінген 216 активті (немесе активтердегі үлесін) сатуға шығарады. Бірінші тізімге стратегиялық маңызы бар 44 актив енді, оларды сатуды 2018-2020 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. 172 бейінді емес активтерді сату 2016 жылдан басталды. Қазіргі уақытта екінші тізімнен 33 актив сатылды.

Хабарландыру берілгенімен, 8 ұйым әлі сатылған жоқ, олардың кейбірі бойынша қайта хабарландыру жасалды. 4 актив бойынша үдеріс аяқталып қалды, олар – «KMG International N.V.» еншілес компаниялары. Қайта құруға жататын 12 активтегі 5 компания қайта құрылымдалды. 59 активтің 14-і жабылды. Жекешелендірудің кешенді бағдарламасы аясында сатылған активтердің бүгінгі күнгі сомасы 7,3 млрд. теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-oryny-13-aktivi-elektrondy-satu-a-shy-arylady-713004](https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-oryny-13-aktivi-elektrondy-satu-a-shy-arylady-713004)