---
title: "«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма қорының құрамы жаңартылды"
description: "«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның директорлар кеңесі қорды басқарудың жаңа құрамын бекітті, деп хабарлады «Са..."
author: "the-wolf"
published: "2011-05-17T13:05:55+00:00"
modified: "2011-05-17T13:05:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-bas-arma-oryny-ramy-zha-artyldy-158760"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-bas-arma-oryny-ramy-zha-artyldy-158760/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма қорының құрамы жаңартылды

> «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның директорлар кеңесі қорды басқарудың жаңа құрамын бекітті, деп хабарлады «Са...

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның директорлар кеңесі қорды басқарудың жаңа құрамын бекітті, деп хабарлады «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.

Сейсенбі күні директорлар кеңесін басқаратын Қазақстан Республикасы премьер-министрінің төрағалығымен ҰӘҚ директорлар кеңесінің кезекті кеңесі өтті.

«Қор Директорлар кеңесі сондай-ақ Қор Басқармасының жаңа құрамы туралы шешім қабылдады. Қор Басқармасының мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Арман Дунаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», - деп көрсетілген отырысытың қорытындылары бойынша таратылған хабарламада.

Сонымен, Қордың Басқармасы 5 адамнан тұратын жаңа құрамда құрылды: Т. Құлыбаев – Басқарма төрағасы, Қ.Бишімбаев пен А. Кәрібжанов – Басқарма төрағасының орынбасарлары, Қ. Әйтекенов пен Н.Рахметов – Басқарушы директорлар – Басқарма мүшелері», - делінген хабарламада. Бұдан басқа, Директорлар кеңесі күн тәртібінің бірқатар ағымдағы мәселелерін қарады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-bas-arma-oryny-ramy-zha-artyldy-158760](https://yvision.kz/kk/post/sam-ry-azyna-bas-arma-oryny-ramy-zha-artyldy-158760)