---
title: "Салыстырып тексеру мен калибрлеудің айырмашылығы неде?"
description: "Салыстырып тексеру мен калибрлеу арасындағы айырмашылыққа түсінік берместен бұрын, «Өлшем бірлігін қ..."
author: "zhandinova"
published: "2017-07-12T21:47:49+00:00"
modified: "2017-07-12T21:47:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/salystyryp-tekseru-men-kalibrleudi-ayyrmashyly-y-nede-772843"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/salystyryp-tekseru-men-kalibrleudi-ayyrmashyly-y-nede-772843/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Салыстырып тексеру мен калибрлеудің айырмашылығы неде?

> Салыстырып тексеру мен калибрлеу арасындағы айырмашылыққа түсінік берместен бұрын, «Өлшем бірлігін қ...

Салыстырып тексеру мен калибрлеу арасындағы айырмашылыққа түсінік берместен бұрын, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «өлшем құралына» анықтама берген жөн.

Өлшем құралы - өлшем жүргiзуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; . өлшем құралын калибрлеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шын мәндерiн айқындау мақсатында осы өлшем құралының көмегiмен алынған шаманың мәнi мен эталонның көмегімен айқындалған шаманың тиiстi мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы. өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы.

Бір қарағанда, калибрлеу салыстырып тексеруге ұқсас. Өлшем құралдарын калибрлеу үшін де әдістемелік бағдарламалар мен эталон үлгілері қолданылады, салдарынан өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нақты мәнін анықтау бойынша бірқатар операциялар тізбегі орындалады, басқа сөзбен айтқанда, аспаптың көрсеткіші дәл ме әлде жоқ па, өлшеу кезіндегі ауытқу мәні қандай екендігі айқындалады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшем құралдарына калибрлеу жүргізіледі.

Мысалға жеке құралын қолданушы не салыстырып тексеруден өткізбесе де, не калибрлеу жүргізбесе де болады (мұны әлбетте алдымен өндіруші-зауыт жасайды). Алайда дәл осы құрал өндірістік технологиялық процестерде қолданылатын болса, оның міндетті түрде салыстырып тексеруден өтуі қажет болады. ҚР СТ 2.12-2013 «Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі. Өлшем құралдарын калибрлеу. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі», калибрлеуге қатысты 4 тармағында калибрлеуге мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшеу кезінде қолдануға арналған өлшем құралдары тап болады. Өз бөлімшелері үшін орындалатын өлшем құралдарын калибрлеу заңды тұлғалардың калибрлеу зертханаларымен – тиісті өлшем түрі бойынша білікті мамандары бар әзірлеушілер, өлшем құралдарын пайдаланушылар жүргізеді.

ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес өлшем құралдарын калибрлеуге сәйкес бағалау саласында ерікті түрде аккредиттелген калибрлеу зертханалары калибрлеуді тыс ұйымдар үшін келісімшарт негізінде іске асыра алады. Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралдарына қойылатын калибрлеу белгісімен немесе міндетті түрде метрологиялық сипаттамаларының нақты мәні көрсетілетін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландырылады.

Калибрлеу мен салыстырып тексерудің тағы бір айырмашылығы, бұл калибрлеуді жүргізу құқығына заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер ие болады, ал салыстырып тексеру тек қана аккредиттелген өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдармен жүргізіледі.

Өлшем құралына арналған калибрлеу нәтижелері бойынша калибрлеу белгісі қойылады және/немесе ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарына» сай калибрлеу туралы сертификат рәсімделеді.

Ал салыстырып тексеру нәтижесі болып, ҚР СТ 2.4-2007 «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі», А қосымшасындағы нысанға сай салыстырып тексеру туралы сертификат немесе аспапқа таңба басылады.

Салыстырып тексеру – бұл белгілі бір стандарттарға сай тексеру. Калибрлеу – бұл белгілі бір стандарттарға келтіру.

Салыстырып тексеру – бұл міндетті рәсім. Калибрлеу – ерікті және міндетті емес рәсім.

Калибрлеу бұрын орын алған өлшем құралдарына ведомстволық салыстырып тексеру мен метрологиялық аттестаттаудың ішінара орнын басты.

Калибрлеу мен салыстырып тексерудің техникалық рәсімдері өте ұқсас және эталондарды пайдаланумен өлшем құралдарының ауытқушылығын анықтауға тап келеді, сондықтан шет елдерде «verification» (салыстырып тексеру) терминінің орнына «legal calibration» термині жиі қолданыста.

**Мурзалин Азамат** **-** **ҚР ИДМ** **Техникалық реттеу және метрология комитетінің** **Ақмола** **облысы** **бойынша департаментінің** **бөлім басшысы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/salystyryp-tekseru-men-kalibrleudi-ayyrmashyly-y-nede-772843](https://yvision.kz/kk/post/salystyryp-tekseru-men-kalibrleudi-ayyrmashyly-y-nede-772843)