---
title: "Салық органының қызметкері бірнеше интернет-алаяқтық..."
description: "Қосшы қаласында салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде..."
author: "orazali"
published: "2024-03-11T04:47:16+00:00"
modified: "2024-03-11T04:47:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saly-organyny-yzmetkeri-birneshe-internet-alaya-ty-zhasa-an-1002098"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saly-organyny-yzmetkeri-birneshe-internet-alaya-ty-zhasa-an-1002098/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Салық органының қызметкері бірнеше интернет-алаяқтық...

> Қосшы қаласында салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде...

Қосшы қаласында салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет.

Ақмола облысының прокуратурасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saly-organyny-yzmetkeri-birneshe-internet-alaya-ty-zhasa-an-1002098](https://yvision.kz/kk/post/saly-organyny-yzmetkeri-birneshe-internet-alaya-ty-zhasa-an-1002098)