---
title: "Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханадағы ұрып-соғу кадрлерін көрсетті"
description: "«Бейнежазба скриншоттары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын жариялауыма Бишімбаевтың адвокаттарының өтірік сөздері мәжбүрледі... Скриншоттарда оның Са"
author: "jan.123"
published: "2024-02-22T12:09:48+00:00"
modified: "2024-02-22T12:09:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saltanat-n-kenovany-a-asy-meyramhanada-y-ryp-so-u-kadrlerin-k-rsetti-1001459"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saltanat-n-kenovany-a-asy-meyramhanada-y-ryp-so-u-kadrlerin-k-rsetti-1001459/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханадағы ұрып-соғу кадрлерін көрсетті

> «Бейнежазба скриншоттары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын жариялауыма Бишімбаевтың адвокаттарының өтірік сөздері мәжбүрледі... Скриншоттарда оның Са

![Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханадағы ұрып-соғу кадрлерін көрсетті](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/91cdcf90527fba0e0ba30288b23d85.jpg)

«Бейнежазба скриншоттары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын жариялауыма Бишімбаевтың адвокаттарының өтірік сөздері мәжбүрледі... Скриншоттарда оның Салтанатты теуіп те, ұрып та жатқаны анық көрініп тұр... Бишімбаевтың адвокаттарының сұхбатын көріңіздерші! «Ұрған жоқ» дейді. Бізде әр тұстағы камераға түсіп қалған видеолар бар. Онда ұрып жатқаны, теуіп жатқаны көрсетіледі. Медициналық сараптама қорытындысы бар. Онда сараптамашылар басының өзіне кемінде 13 соққы берілгені туралы ұйғарым жасаған!» – деп жазыпты марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, былтыр қараша айында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған еді. Сұмдық оқиға Астанадағы мейрамханада болған.

Қазір тергеу материалдары сотта жатыр. Жақында сот болады.

Сондай-ақ бұрынырақ [Айтбек Амангелді Бишімбаевты соттатпай тынбайтынын айтқан еді](https://yvision.kz/post/aya-yna-deyin-ay-asamyz-keri-sheginu-zho-999785).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saltanat-n-kenovany-a-asy-meyramhanada-y-ryp-so-u-kadrlerin-k-rsetti-1001459](https://yvision.kz/kk/post/saltanat-n-kenovany-a-asy-meyramhanada-y-ryp-so-u-kadrlerin-k-rsetti-1001459)