---
title: "Салтанат өлетін күні кешке Бишімбаев «Юлия супер»..."
description: "Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның телефонын тексеру жалғастырылды. Онда экс-министр Салтанат Нүкенова қайтыс болатын күні басқа әйелдермен хат жазысқан. Өткен жылдың 9 қарашасында блогер Гүлнар Насырбекова Бишімбаевқа WhatsApp..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-23T10:06:51+00:00"
modified: "2024-04-23T10:06:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saltanat-letin-k-ni-keshke-bishimbaev-yuliya-super-degenmen-telefonda-hat-zhazys-an-1003882"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saltanat-letin-k-ni-keshke-bishimbaev-yuliya-super-degenmen-telefonda-hat-zhazys-an-1003882/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Салтанат өлетін күні кешке Бишімбаев «Юлия супер»...

> Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның телефонын тексеру жалғастырылды. Онда экс-министр Салтанат Нүкенова қайтыс болатын күні басқа әйелдермен хат жазысқан. Өткен жылдың 9 қарашасында блогер Гүлнар Насырбекова Бишімбаевқа WhatsApp...

*Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның телефонын тексеру жалғастырылды. Онда экс-министр Салтанат Нүкенова қайтыс болатын күні басқа әйелдермен хат жазысқан.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/590a3b8d9eb8d65d8c0eba397de93f.jpg)

Өткен жылдың 9 қарашасында блогер Гүлнар Насырбекова Бишімбаевқа WhatsApp арқылы жазған. Ол екеуі сол күні мейрамханада жарнама жөнінде сөйлесу үшін кездесуге келіседі.

Насырбекова экс-шенеунікке фотосурет салып: «Айтқандай, сенен раушан гүлінің иісі шығып» тұр деп жазған.

Бишімбаев сол күні кешке телефон кітапшасындағы «Юлия супер» деген біреумен де хат жазысқан. Айыпталушы бұл өзінің жеке басына ғана қатысты екенін айтып, хаттарды оқымауды сұрады. Алайда судья оны оқып берді.

Онда былай деп жазылған.

«19:07* Бишімбаев: Жағдайың қалай?*

*Юлия супер: Бәрі жақсы. Өз жағдайың қалай?*

19:24 *Бишимбаев: Не істеп жатсың. Қолың бос па?*

*Юлия супер: Кірпіктерімді жасатып жатырмын.*

19:36* Юлия супер: Боспын. Нешеде?»*

Бишімбаев судья мен прокурорларға «Юлия супер» дегеннің кім екенін сол күйі айтпады. Бірақ айыпталушының ойынша, бұл хаттар оның сол сәтте Салтанатқа не болып жатқанын білмегенін растайды.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты экс-шенеуніктің Нүкенованың тамыры соқпай тұрғанын білген соң, тәуіптен оның жағдайын сұрай отырып, басқа әйелмен хат жазысқанына назар аудартты.

[Tengrinews.kz](https://tengrinews.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saltanat-letin-k-ni-keshke-bishimbaev-yuliya-super-degenmen-telefonda-hat-zhazys-an-1003882](https://yvision.kz/kk/post/saltanat-letin-k-ni-keshke-bishimbaev-yuliya-super-degenmen-telefonda-hat-zhazys-an-1003882)