---
title: "Салт-дәстүр қазынам"
description: "Қазағымның салт-дәстүрлері ай. Қайран \"Абай жолын\" оқыған сайын осы сөз ғана ауызыма түседі. Романда..."
author: "lonelygirl"
published: "2015-03-04T10:13:30+00:00"
modified: "2015-03-04T10:13:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/salt-d-st-r-azynam-478213"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/salt-d-st-r-azynam-478213/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Салт-дәстүр қазынам

> Қазағымның салт-дәстүрлері ай. Қайран "Абай жолын" оқыған сайын осы сөз ғана ауызыма түседі. Романда...

Қазағымның салт-дәстүрлері ай. Қайран "Абай жолын" оқыған сайын осы сөз ғана ауызыма түседі. Романда берілген қазақ дархандығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қызға ұрын бару солардың бәрі жаңа заманда бір ескі нәрсе сияқты болып бара жатқан сияқты. Мүмкін біреулер айтар әр заманның адамы басқа деп. Ал мен кей сәтте сол заманда өмір сүргім келеді. Шынайы, интернетсіз махаббат, қыздардың әдемі киім киісі, қолаң шаштары... Қазіргі өмірімізде бәріміз бір жаққа асығып, біреулер ақша соңынан жүгіріп, өмірдің нағыз мәні артқы шепте қалып бара жатқан сияқты. Бұрынғыдай жеңгелер қыз бен жігіттерді таныстыруына себепші болса, дәл қазіргідей "отырып қалған қыздар" немесе "қыз таңдаған жігіттер" қоғамда сәл болсын азаяр ма еді деп ойлаймын.дәл қазір өзіме келер болсам мен өзіме жар таңдай алмай жүргенім рас. Кешке шейін сабақ, жеке басымның жұмыстары жүрек мәселесін кейінге қалтырып ертең ақша табу керек, бәлен керек түген керек деп заманның ағымына ілесіп кете берем.

P.S. бірақ кейде бір адамдармен танысып қалатын да кездерім болады бірақ ол басқа әңгіме

![Салт-дәстүр қазынам](https://storage.yvision.kz/images/user/lonelygirl/8Q8w9nu70Ky5mQRFLh3H2qLsyaS1r7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/salt-d-st-r-azynam-478213](https://yvision.kz/kk/post/salt-d-st-r-azynam-478213)