---
title: "Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шара"
description: "Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде сағат 15.00 де «Ақтоғай ауданының орталық кітапханалар жүйесі» ММ-де ж..."
author: "CRMI"
published: "2017-04-21T04:57:01+00:00"
modified: "2017-04-21T04:57:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/salauatty-mir-saltyn-alyptastyru-a-ba-yttal-an-is-shara-764349"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/salauatty-mir-saltyn-alyptastyru-a-ba-yttal-an-is-shara-764349/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шара

> Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде сағат 15.00 де «Ақтоғай ауданының орталық кітапханалар жүйесі» ММ-де ж...

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде сағат 15.00 де «Ақтоғай ауданының орталық кітапханалар жүйесі» ММ-де жастарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, «Нашақорлықсыз әлем!» атты Дүниежүзілік акция шеңберінде, «ЭКСПО-2017» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның тақырыбы «Нашақорлықтың, шылым шегудің, маскүнемділіктің, токсикоманияның және ВИЧ-инфекцияның алдын алу».

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/3lr248Dip29QR34k76AJ99AqOtqCLX.jpg)

Аталмыш дөңгелек үстелдің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғамда жастардың көкейкесті мәселелерін талқылау. Іс-шара барысында Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Г.Г. Құрманғалиева аудан жастарына салауатты өмір салтының негіздеріне тоқтады, жалғасында орталық аурухананың психолгы Г.Макимова өзін-өзі бағалау дңгейінің жоғарлауына бағытталған тренинг өткізді. Іс-шара ауданның орталық алаңында өз жалғасын тапты. Жастармен жұмыс жөніндегі инспекторлар «Нашақорлықсыз әлем!» атты Дүниежүзілік акция шеңберінде халыққа салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-насихаттау кітапшаларын таратты. Іс-шараны «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» КММ және Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы ұйымдастырып, өткізді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/rGg1JaP68iVrznhq6y2R1PRIZcU7Pu.jpg)

Іс-шараның соңында «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры. С. Аяганов белсенді жастарға естелік сыйлықтарды табыс етті. Аталмыш бағыттағы жұмыс әлі де өз жалғасын табады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/salauatty-mir-saltyn-alyptastyru-a-ba-yttal-an-is-shara-764349](https://yvision.kz/kk/post/salauatty-mir-saltyn-alyptastyru-a-ba-yttal-an-is-shara-764349)