---
title: "Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді"
description: "Гүлшат Кәукенқызы Мұсабекова 1992 жылы Семей қаласының өнеркәсіп колледжін бітіріп, Алматыдағы респу..."
author: "FundDamu"
published: "2016-08-18T05:31:56+00:00"
modified: "2016-08-18T05:31:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sahna-kiimderin-tigetin-k-sipkerdi-nimderi-elge-tanymal-bolyp-keledi-707644"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sahna-kiimderin-tigetin-k-sipkerdi-nimderi-elge-tanymal-bolyp-keledi-707644/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді

> Гүлшат Кәукенқызы Мұсабекова 1992 жылы Семей қаласының өнеркәсіп колледжін бітіріп, Алматыдағы респу...

**Гүлшат Кәукенқызы Мұсабекова 1992 жылы Семей қаласының өнеркәсіп колледжін бітіріп, Алматыдағы республикалық «Мақпал» сән орталығына байқау арқылы өтті.**

«Мақпал» сән орталығы гастрөлдік сапармен әлемді шарлап келеді. Сондықтан да Гүлшат шебер тіккен киімдер Германия, Франция, Америка елдерінде талай көрсетілді. Сән үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Сондықтан да Гүлшат Кәукенқызы Мақпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Толқын Забирова секілді отандық әншіледің сахналық киімдерін тігуге өз үлесін қосты.

2004 жылы Гүлшат Кәукенқызы туған қаласы Семейге оралып, өнеркәсіп ашуға бел буады.

![Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/funddamu/h14po68UXze1h7k3e5h7B3wpzZB5Hw.jpg)

«Әрине, әр жұмыстың өз қиындығы бар. Ен басында біз ұлттық нақышта той көйлектерін тігуден бастадық. Бірақ бәсекелестік жоғары болғандықтан, өнім түрін өзгертіп, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істей бастадық. Ол үшін бізге өндірістік жабдықтар мен өз ғимаратымыз керек болды. Сол кезде біз «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алуға бел будық. Олар бізге мемлекеттік қолдау алу жөнінде ұсыныс жасады, - дейді кәсіпкер.

![Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/funddamu/fuO06H241gtK95uZHj96l6PMZ2N4P3.jpg)

2015 жылы Гүлшат Мұсабекова несиені субсидиялауға рұксат алды. Бүгінгі таңда «Ақниет» салоны өңір тұтынушылары арасында ғана емес, ТМД елдері арасында да танымал. Кей кезде тапсырыс Қытай мен Жапониядан да түседі. Бірінші кезекте сахналық және ұлттық киімдерге тапсырыс береді. Сонымен қатар соңғы кезде кәсіпкер модельер Шынар Жоламановамен бірлесіп жеке «SAASH» брендтін шығарып келеді.

![Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/funddamu/DAd7bwZTw12lMum06A7gc65qmW8YcV.jpg)

«Қазақстанда жасалған» ұлттык тауар өндірушілер көрмесіне екі рет қатысты. Соның арқасында тапсырыстардың бір бөлігі Алматы және Астана қалаларынан да түсіп отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sahna-kiimderin-tigetin-k-sipkerdi-nimderi-elge-tanymal-bolyp-keledi-707644](https://yvision.kz/kk/post/sahna-kiimderin-tigetin-k-sipkerdi-nimderi-elge-tanymal-bolyp-keledi-707644)