---
title: "Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы..."
description: "Барселонаға барып, Гауди өмірінің жартысын арнаған шіркеу Саграда Фамилианы көрмей кету, қателік бол..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-06T01:13:00+00:00"
modified: "2012-07-15T00:47:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sagrada-familia-gotikaly-kvartal-barsa-futbol-kluby-275929"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sagrada-familia-gotikaly-kvartal-barsa-futbol-kluby-275929/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...

> Барселонаға барып, Гауди өмірінің жартысын арнаған шіркеу Саграда Фамилианы көрмей кету, қателік бол...

Барселонаға барып, Гауди өмірінің жартысын арнаған шіркеу Саграда Фамилианы көрмей кету, қателік болар. Ал одан бұрын оның архитектуралық стилін танып, үйрену үшін қала бойынша атақты 4-5 үйін аралап алған жөн.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/TvbqW1d95XSi8j3r5n6ouCbxqr1rkh.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/H91vN7U662LfTOSV7OqssBb46beAV9.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/CKw42mPL0T3C0ashYm399i450wlof7.jpg)

Мына бір ерекше үйге тоқталғым келіп отыр: Casa Mila. Төменгі суретте оның макеті.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/096qTGdfCLC5QU6xpdXDwWX7nvwzlt.jpg)

1906-1910 ж.ж. бұл үйді Гауди Мила жанұясына арнап салған. Содан Мила Үйі атанып кетеді. Мынау үйдің шатырынан көрінетін көріністер:

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/4mhQ9qC03GM229k2rY3tL5L6vGaySX.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/27l6h5u7OhpwwKS54sJtAZjox5VwQi.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/18gwU7u1U8e7ep028dWg9777h7omWs.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/yQD7ig6ESlP31MUXEsI2yAUqAdyQ3W.jpg)

Мына суретте (жоғарыдағы) алыста тұрған "қияр" ғимаратты көруге болады. Ол түгелімен эко-ғимарат болып саналады.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pD0Mz2x61S7rUlGqtm5pdil1HBKnp9.jpg)

Ал үйдің іші Гауди туындыларының мұражайы мен ол жасаған ескі жиһаздардан тұрады.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/bmqh5NLNntazb4316n3dG1Tawr1Zpm.jpg)

Гаудидің бұл үйі оның соңғы тапсырысы болған, бұдан кейін бүкіл уақытын әйгілі Саграда Фамилиаға арнайды.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/77tOl1ej4P9jED1cZr7dO0zqrL24ZS.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/O1KdK2v365aYHyj9OmmZI3F38xsvdr.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/uj8F0PvuBFMWV2x67Zll606zxMFhlN.jpg)

Бұл үйдің жобасы сол заманда Гаудидің көптеген жұмыстары тәрізді «новаторлық» болған. Оның тіреп тұрған қабырғалары жоқ, темірбетонды колонналардың құрылысынан тұрады.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/M52RE0uNX0Dt94abs6vXri0Al64Ufs.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3lqeNy3D0B2q5Q4R3o2855fPR299Mc.jpg)

Бір дөңгелек, екі эллипстік - үш ішкі аула бар. Архитектордың жиі қолданатын элементтері. Мұндай аулаларды үйге мол ауа мен жарық түсу үшін жасаған.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Jjote00RlrqLSH5b143zcBRdvbhXfj.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/s4b471RKHpIhT2Pw3BQ5b9Set2CLXg.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/2a83AGkEs2ZK8e51kdiOPR3wu8bL90.jpg)

Екінші бір өте ұнаған үй ол - Бальо үйі немесе тағы да оны "Сүйектер үйі" деп атайды. Бұл үй текстиль магнаты Жозеп Бальо-и-Касанованың тапсырысымен салынған, 1904-1906 ж.ж. Антони Гауди оның қайта салынуына кіріседі.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/l699mz856hfy4x1nrxBximbsCxGncA.jpg)

Бұл ғимараттың ерекшелігі - бірде-бір түзу сызықтың қолданылмауы. Басты фасадтың символикасы әр түрлі түсіндіріледі, бірақ шындыққа ең жанасатыны - оның Гаудидің сүйікті кейіпкері айдаһарға ұқсайтыны. Мұндай толқындалған қалқыма иілімдер оның көптеген жұмыстарында қайталанады.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/tJp3mwdX5qjV1S1urW779CW0GY4x85.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/JTwFYGlCdSi2rQm47gYSS8Qe1R6kd1.jpg)

Бальо үйі бір жағынан басқа архитектуралық шедевр: Амалье үйіне жанасып тұр.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/h6Ghmba3p99Od81Ei68H4EorXZKDpz.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/5C33gQrHYq3Ngku6KwUXVYts1rh73F.jpg)

Кешке Барселонаның портына барып қыдырған жөн.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/VhnWPlDqAJ993y1aWAK4qfkSUOx428.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/GGWSnc3k0Rz3HIY8Nmcbk5Fr2ORIdo.jpg)

Бұл қалада күндіз жағажайда күнге күйдірініп, кешке таудың самалымен дем алып қайтуға болады. Біз керісінше жасадық :)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/iuC7Ii61PWAXC66mdBvGaHZ8enJqvE.jpg)

Күндізгі архитектуралық ләззат қандай болса, кешке сізге дәл сондай құлшыныспен жан-жақтан (әсіресе бар, клубқа жақын жерде) "tea, coffee, cocaine?" тәрізді ұсыныстар қаулауы мүмкін, сондықтан абайлаңыз :)

Ал енді басты ғимаратқа келейік.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/vd985O3V9R8dQexv6h7xeJ99exw9cY.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/r8rkOx8xoOZ9FW1AnbBrLvMOP2MRNe.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Wm75AYXctr0OQ30MQlVUqy3TBxEXBo.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/p7g8lO4FMUxC7fSFis9kqsMU6G51x1.jpg)

Гауди жарықпен жұмыс істегенді ұнатқан, шіркеуге жарық мынадай түрлі түсті әйнектен түсу керек деп есептеген. Ол ғимарат ішін қатты жарық та, қатты қараңғы да қылмайды.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/LrS9675jJjPmBtgMJAWda01nL2LAK0.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/oP81gYM2tyTJzSJ09hGG4JZ7YD8MoZ.jpg)

Шіркеудің ішінде әдеттегідей архитектордың жобаларын, туындыларын көре аламыз. Мұражай ішінде Саграда Фамилианың мыңдаған макеттері, жоспарлары бар.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/HOJagZoFkMF8Ffkc44lNmvNvHId1IB.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/d99QnFw5MuoV7fWDNMPH77giwNV1Mp.jpg)

Ең қызығы, мына құм салынған қаптардан тұратын макет. Мұндай әдіс арқылы ол есептеулерде максимальды дәлдік болады деп есептеген.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/VGJ3yHPL7k8Ai7zw1rY78X7ig2gfaH.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/tWmf3lm0B1aRT7c5660Zf71ZOWO0vL.jpg)

Үстінен қарағанда Саграда шіркеуі крестті бейнелейді. Оның ені ұзындығынан тура 2 есе кіші.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Y3AS7girfMjnu8IGjBJ7Q186792dUY.jpg)

Ал шіркеудің мұнарасына көтерілсең, мынадай әдемі көрініс ашылады.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pLHPPekPMAjvR0IIJvv8bXSus73acM.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/56WE4ooyd1uz72Skic5ija6mB1WftY.jpg)

Шіркеуде әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Гауди оны аяқтамаған. Оның өзіндік себебі де бар. Оның ойынша құрылысқа болашақ архитекторлар да өз үлесін қосу керек. Сонда ғимарат көптеген ғасыр ағымдарын құрайтын болады.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/4o9M4qLwC54rZ74SbwZSFwKd3BTPqS.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Nd4JUvU2MvgH1I83kzxf9dtD3H2p27.jpg)

Ал шіркеудің сырты өз алдына бір картина сияқты.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/7YWF2l2SkWFi5yB4Aw4HGoD6b3B7qU.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/QeVC5KKE8t25WCqt49McwOfHdQ2Vy0.jpg)

Шіркеудің жанында Гауди салған мектеп бар. Бұл мектептің құрылысы пропорциясы жағынан идеалды деп есептелінеді.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/iq85RtzOd7jgihKwQLzyWzxm2Rx6eP.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/N7hNg57tqx467QRZcT2ecNVDRm7dE6.jpg)

Саграданы аралап болғанна соң, біз Барселонаның ең ғажайып бөлігі готикалық кварталға кеттік. Мұнда біз кезінде Хемингуэй, Пикассо, т.б. әйгілі адамдар тұрақтаған "4 Мысық" кафесін кездестірдік.

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/PBVWp7sKMMu6kvXYE8Fu1cdZ6zCF8l.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/2HPSHaC2MO8zd8YInwl26vFe2166QP.jpg)

Айтпақшы Вуди Алленнің "Вики Кристина Барселона" фильміндегі басты кейіпкерлер осы кафеде танысады:)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/f6f40YMFbQoOiW3IoG4xYB16n2NZk7.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/q9GV9LB1ha9wz8tGhVi0rHqGVrD1nb.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/PCOh1Wp9rYdoVrl2k9ws7mM4Z0VsZk.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/spC88okCyTu4cDDLmpQxUz6rZbn0iM.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Imnu32Ac1I571qyFf1bjg25K2p84e0.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6EyFGr9B6lYy0cS6744IYjW2bxSuRw.jpg)

Готикалық кварталдан картамен іздеп жүріп, Пикассо мұражайына келдік!

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/XzeKL19Z2Nq410c5NSK79n67gMh770.jpg)

Бұл керемет мұражайдың ішіндегі асылдарды суретке түсіруге болмайтыны әрине өкінішті.

Солай біздің Барселона қаласына сапарымыз аяқталды. Сапар соңында әрине Барса футбол клубының стадионын көрмей кете алмадық :)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6EPp1XLPxvfI2IUAnk32ReTIeZv9BI.jpg)

![Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Z0K8wLDNk0z07VMY5B5T5W75l7Y24P.jpg)

Сапарларымыз әрқашан да қызық та сәтті өтсін!:)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sagrada-familia-gotikaly-kvartal-barsa-futbol-kluby-275929](https://yvision.kz/kk/post/sagrada-familia-gotikaly-kvartal-barsa-futbol-kluby-275929)