---
title: "сабақтан тыс іс-шара"
description: "2015 жылдың 15 сәуір күні оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адамгерші..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-15T07:47:47+00:00"
modified: "2015-04-15T07:47:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/saba-tan-tys-is-shara-491756"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/saba-tan-tys-is-shara-491756/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# сабақтан тыс іс-шара

> 2015 жылдың 15 сәуір күні оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адамгерші...

![сабақтан тыс іс-шара](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/N15vyE5z8Ri65BSIWL5RP36r8TQpbY.jpg)

**2015 жылдың 15 сәуір күні** оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын арттыру мақсатында Орал қалалық №9 ЖОББМ 4 сыныптарға «Умейте дружить и добро творить» және 11 сыныптарға «Борьба с коррупцией в Казахстане» тақырыптарында сыныптан тыс сабақтар өткізілді.

11 сыныпта тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтіп, оған Филолог, Историк, Статист, Политолог, Юристы, Депутат және Аналитик қатысты.

Олар өздері сомдап түрған әр түрлі ғылымдар атынан жемқорлық туралы ақпарат берді. Депутат пен Аналитик бұл саяси**-**әлеуметтік құбылыспен күресу жолдарын ұсынды. Іс**-**шара жемқорлық туралы нақыл сөздерді талқылауымен аяқталды.

4 сыныпта оқушылар жақсылық пен достық туралы тақпақтар оқып, ән салып би биледі, түрлі апликациялардан «Жақсылық зұлымдықты жеңеді» сурет құрады және «Достық ережесін» тізбектеді, оқытушы достық туралы оқушылардың шығармаларын оқыды.

Сабақтың өту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс**-**қимыл жасау жұмысы бөлімінің басшысы В.Масимова және консультанты Г.Тәжібаева Департаменттің мақсаттары мен міндеттері туралы және сыбайлас жемқорлықпен күрестегі қоғамның, соның ішіндегі жастардың рөлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларына «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады» жаднамалары таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/saba-tan-tys-is-shara-491756](https://yvision.kz/kk/post/saba-tan-tys-is-shara-491756)