---
title: "Сағыныш"
description: "Қызым, тұр! Шай ішейік!Сені күтіп отырмын.Осы бір ерекше жұмсақ, жанға жақын дауыс тәп-тәтті ұйқымды..."
author: "kavkayeva"
published: "2016-12-11T10:07:05+00:00"
modified: "2016-12-11T10:07:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sa-ynysh-736309"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sa-ynysh-736309/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сағыныш

> Қызым, тұр! Шай ішейік!Сені күтіп отырмын.Осы бір ерекше жұмсақ, жанға жақын дауыс тәп-тәтті ұйқымды...

Қызым, тұр! Шай ішейік!Сені күтіп отырмын.Осы бір ерекше жұмсақ, жанға жақын дауыс тәп-тәтті ұйқымды қиып, көзімді еріксіз ашуға итермеледі. Таң баяғыда - ақ атқан. Ашық тұрған терезеден таңғы самал желдің лебі сезіледі. Көк шалгын секілді жасыл перде салқын соққан лептің әсерінен ерекше толқын секілді қозғалуда. Бірде асқақ арманына, биік шың басына ұмтылған қыран құсы сияқты жоғарыға көтерілсе, енді бірде сағы сынған, қанатынан айырылған, осы бір шың басынан құлаған әлгі қыран секілді екпінін басып, мамыражай күйге тусуде. Қайтадан жоғары, қайтадан төмен, қайтадан… Алдамшы соққан таңғы салқын самал жел, кейін күннің қатты ыситынын жасыра алмай тұрғаны анық көрініп тұр.Төсегімнен еріксіз басымды көтердім. Ұйқым шала, қанбаған.” Осы бір жазғы каникулда да ұйқы бермеді ғой!”- деп күңкілдеген дауысымнан тұла - бойымды ашу – ыза кернеп тұрғанын сезуге болады. Дегенмен де, түні бойы алтын уақытымды пайдасы аз, көгілдір экран алдында өткізгенімді білсін бе?! Киіндім де, тұсауы жаңа кесілген бала секілді ілініп – салынып ас үйге беттедім. Жайнап тұрған дастарханды көргенде ашу – ызам су сепкендей басылды. Мен жақсы көретін дәмді тамақтың бәрін әзірлеп, шай кұйуға кірісіп кеткен екен. Бір көзі теледидардағы сериалда болса, бір көзімен мені бақылап отыр. Қасына отырдым да, иісі мұрын жаратын, ұсынған кесесінен шай ішуге кірістім. Жарқыраған жүзі, күлімсіреген күлкісіне таңданып, ұзақ отырдым. Оның жылы сөздері, еркелеткендегі жарқын дауысы ұйқымды шайдай ашты да, езуімде күлкі пайда болды.Ал қазір оның жылы, жұмсақ дауысын телефондағы қатал, жағымсыз будильник ауыстырды. Әттең, сол бір онымен өткізген сәттерді қайтадан кешкім келетінін білсе ғой. Сағындым оны. Қатты, қатты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sa-ynysh-736309](https://yvision.kz/kk/post/sa-ynysh-736309)