---
title: "Сағындым-ау «Аудио өлең, поэзия»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ernesto Cortazar “..."
author: "Aikosmuz"
published: "2015-02-08T11:37:45+00:00"
modified: "2015-02-08T11:37:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sa-yndym-au-audio-le-poeziya-468509"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sa-yndym-au-audio-le-poeziya-468509/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сағындым-ау «Аудио өлең, поэзия»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ernesto Cortazar “...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Michelle”**

**Бейнематериал авторы – Фарида Корбосова**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

 
 
 

Сағындым-ау, мен сені, сағындым-ау,

Тағдырменен тілдесіп, арпалысып.

Қайран жүрек, езіліп барасың-ау,

Қой десем де, басылмай, жағаласып.

 

Өмір өзен әкеттің-ау, ағыныңмен,

Қалдырып, жалғыздықтың жағасында.

Бұрқыраған, өмір өзен, тасқынымен,

Жол бермедің, кездесуге, тағы да.

 

Діріл қағып, барады, неге сезім?

Жалғыз қалып, мынау ызғарда, тоңғаны ма?

Барады-ау, неге сыздап, мынау жүрегім?

Жаза алмастай, таңбасын, салғаны ма?

 

Талпынармын, қайтейін, мен аянбай,

Жатсадағы, тағдырым, артқа тартып.

Тек қорқамын қаласың ба, оянбай,

Соңғы күшпен, мен тұрғанда, шақырып.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sa-yndym-au-audio-le-poeziya-468509](https://yvision.kz/kk/post/sa-yndym-au-audio-le-poeziya-468509)