---
title: "Сағынамын сені, мен жаным"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Сағынамын сені, мен жаным Тағдыр берген, шын бағым Қалайша болғ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2013-11-05T10:12:49+00:00"
modified: "2013-11-05T10:12:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sa-ynamyn-seni-men-zhanym-383615"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sa-ynamyn-seni-men-zhanym-383615/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сағынамын сені, мен жаным

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Сағынамын сені, мен жаным Тағдыр берген, шын бағым Қалайша болғ...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

 
 

Сағынамын сені, мен жаным

Тағдыр берген, шын бағым

Қалайша болғаның, сен сағым

Іздеумен болып, мен қалдым

 

Өкініш, болмашы сен маған

Өртейді-ау жүректі, сол сағым

Бар әлем, сөнгендей, тек маған

Жарқ етіп, бір көрінсең, бақ тағым

 

Өкініш, өртеп барады-ау

Жүрегім сен деп, соғады-ау

Сусыз гүлде, солады-ау

Әттең, қиял қалады-ау

 

Салқын, менің самалым

Жарық, менің жұлдызым

Барма еді, басқа амалым

Іздеумен, өтер ғұмырым

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sa-ynamyn-seni-men-zhanym-383615](https://yvision.kz/kk/post/sa-ynamyn-seni-men-zhanym-383615)