---
title: "«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім"
description: "Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған айтыстың 2-бөлімін бүгін сағат 13:10-да көріңіз. Мұхтар ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-07T23:52:39+00:00"
modified: "2015-11-07T23:52:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-zdi-piri-s-yinbay-haly-araly-a-yndar-aytysy-2-b-lim-635731"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-zdi-piri-s-yinbay-haly-araly-a-yndar-aytysy-2-b-lim-635731/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім

> Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған айтыстың 2-бөлімін бүгін сағат 13:10-да көріңіз. Мұхтар ...

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған айтыстың 2-бөлімін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

![«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Bus6lETP6u4CjJ9R8qM1xodc71a9Qb.jpg)

Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлына «Айтыс өнерінің алтын діңгегі», деп бекер баға бермесе керек. Ел тағ­ды­рын толғап, шежіремізді шебер тіл­мен шер­тіп, тарих тереңіне бойлаған Сүйінбай ақынның шынында алтын діңгек екені ақиқат.

Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа арысы Қытай, Моңғолия мен Қырғыздан, берісі еліміздің әрбір өңірінен 20-ға жуық ақын қатысты.

Жыр додасының телевизиялық нұсқасының 2-бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:10-да тамашалай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-zdi-piri-s-yinbay-haly-araly-a-yndar-aytysy-2-b-lim-635731](https://yvision.kz/kk/post/s-zdi-piri-s-yinbay-haly-araly-a-yndar-aytysy-2-b-lim-635731)